ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗБА ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІМІЗ

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Түркияның көптеген жоғары оқу орындары мен бірқатар мемлекеттік кітапханалары қолжазба қорларында еліміздің орта ғасырлық шаһарлары мен кенттерінен шыққан арыстарының әлі күнге дейін жарық көрмеген және ара-кідік басылған да еңбектері бар.
Солардың ішінде Отырар, Исфиджаб-Сайрам, Тараз, Баласағұн, Түркістан, Сығанақ, Женд, ғұламаларының түрлі тақырыпты қамтитын қолжазбалары көптігімен таңғалдырады. Мысалы Әбу Насыр әл-Фараби, Мұхаммед бин Ахмед бин Иусуф әл-Исфиджаби, Абд әл-Уахид бин Мұхаммед ас-Сайрами, Ала ад-дин Түркістани, Һибатулла ат-Түркістани ат-Тарази, Хұсам ад-дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл-Ханафи ас-Сығнақи, Мұхаммед Абд ас-Саттар әл-Кердери, Мұхий ад-дин Женди шығармалары және Қожа Ахмет Йасауи «Диуанының» көшірмелері жиі кездеседі.
Түріктер ондай асыл дүниелерді ұзақ ғасырлар бойы Таяу және Орта Шығыстың мәдени, ғылыми, рухани орталықтары Бағдад пен Басра, Дамаск мен Халаб, Мекке мен Мадина, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені 1517 жылдан бастап араб дүниесі мен олардың аталмыш шаһарлары түріктер құзырында болды. Сол себепті де ұлан ғайырға көсілген дәулет астанасы Стамбұлға және Түркияның өзге де қалаларына тек жазба жәдігерліктер ғана емес, сондай-ақ Топқапы сарайына Ибраһим (ғ.с.), Исмаил (ғ.с.), Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың жеке заттары, қасиетті Кағбаның кілттері, халифалар мен әскери қолбасшылардың қылыштары да әкелінді. Олардың арасында Алла Тағаланың соңғы елшісінің (с.ғ.с.) хаттары да бар. Аса құнды ол заттар қазірге дейін көздің қарашығындай сақталуда.
Иә, Түркия – исламдық жәдігерлер мен мұраларды жинап, сақтауға, зерттеуге ерекше көңіл бөліп келе жатқан өркениетті ел, оның кітапхана қорлары араб, парсы тіліндегі қолжазбаларға байлығымен танымал.
Елдің кітапханаларындағы ислам өркениетіне қатысты ондай дүниелер жайлы мәліметтерді Стамбұлдағы төмендегідей кітапханалар мен қолжазба қорларын табуға болады.
ISAM – түрікшеден аударғанда «Ислами зерттеулер орталығы» дегенді білдіретін қысқартылған сөз. Ол Түркия уақыфтарының бас кеңесіне бағынады. Мекеме арнайы салынған әдемі ғимаратқа жайғасқан. Кітапхана қорына тек Түркиядағы ғана емес, әлем елдерінде басылып жатқан исламға қатысты зерттеу кітаптары да алдырылып отырады, ондағы қолжазбалар каталогі компьютерге түсірілген, көшірмелерін дайындап бере алады. Жалпы Түркияның ислам саласындағы зерттеуді жеңілдету, ынталандыру жолында техника мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы өзгелерге үлгі деуге болады. Соның бір дәлелі – кітапханаларында сақталған бағалы кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшірмесін тез жасатып алу мүмкіндігі.
ISAM-да орындалып жатқан игілікті жұмыстардың бірегейі – көп томды Ислам энциклопедиясының қазірдің өзінде 42 томының шығып үлгеруі.
Түркияның түрлі кітапханалары мен қолжазба қорларында 2001-2010 жылдары, ал Стамбұлға арнайы барған соңғы яғни 2013 жылғы сапарымда осы ежелгі шаһардағы ISAM мен төмендегі бірнеше кітапханалар мен қолжазба қорларында жұмыс істедім.
Сүлеймания кітапханасы Стамбулдағы ХVIII ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан ежелгі, үлкен кітапханалардың бірі. Ол атақты Сүлейман паша мешітінің жанында, мешіт кешенінің құрамдас бір бөлігі. Құрылысы 1557 жылы аяқталған. Әуелде ғибадатхананың арнайы жеке кітапханасы болмаған. Сол себепті ол медресенің хұжырыларына бөліне жайғасқан.
Кітапхана рухани жазба дүниелерге бай. Оның қорына VIII – XIX ғасырларға жататын 73 мың қолжазба мен 50 мың кітап, 94 мың уақып бар.
Баязит кітапханасы Стамбұлдағы үлкен кітапханалардың бірі. Оның қоры бір миллионнан астам еңбектерді қамтиды, олар: кітаптар мен мерзімді басылымдар, газеттер, сирек ұшырасатын шығармалар, карталар мен плакаттар және архивтегі ақшаларды да қамтиды. Кітапхана оқу залдары, арнаулы аспаптармен жабдықталған кабинеттер, мүгедектерге арналған бөлмелер, музыка және бейне нөмірлер, салтанатты мәжіліс өткізетін залдардан тұрады.
Нури Османия кітапханасы да Стамбұлда. Құрылысы І Махмұт патша кезінде 1749 жылы басталып, 1755 жылы ІІІ Осман патшаның тұсында аяқталған. Сәулетшісі - Синан Калфа. Кітапхананың басты ерекшелігі - ғимараттың барокко стилінделігі. Кітапхана мешіттің шығыс жағында, екі қабатты жеке ғимаратта. Үстіңгі қабаты оқу залы мен қойма. Ғимараттың барокко стилінің ең басты ерекшелігі болып табылатын 30 гипстік сылақты терезелері, екі есігі бар. Бірінің үстіңгі жағында араб тілінде « Білімді бесіктен көрге дейін ізде» деген хадис өрнектелген. Кітапхана коллекциясында осман, араб, парсы тілдеріндегі қолжазбалар, І Махмуд пен ІІІ Осман патшалар және Байрам пашаның 79 қолжазбасы бар.
Орта Азия мен Қазақстан тарихын зерттеушілердің бірі Ресей тарихшысы А.Ю. Якубовский (1886-1953) ХХ ғасырдың 20-жылдары Сығанақ жайлы мағлұмат жинап жүргенде академик В.В. Бартольд (1869-1930) оған Стамбұлға барған сапарында осы Нури Османия кітапханасында сақтаулы «Миһман наме-ий Бұхара» - «Бұхара мейманының жазбалары» атты қолжазбадан (Фазл Аллаһ ибн Рузбихан Исфаһани) Сығнақтың бір ақынының:
Бұрын бұл қамсыз ел еді,
«Ниһаяны»* құрастырған,
«һидаяны»** зерлеген
Ғұламалар мекені.
Тағдыр жазса тағы да,
Сығнақтың болар ек,
Сәби өмір бой көтерсе кезеңі.
деген өлең жолдарын жазып әкеліп береді. А.Ю. Якубовский оны кейінірек (1929 ж.) «Сығанақ қаласының жұқаналары» атты еңбегіне эпиграф етіп алған.
Миллет кітапханасын 1700-1701 жылдары Шейху - л - Ислам Сейд Фейзуллах Эфенди салдырған. ХІХ ғасыр басында кітапхананы бұзу ұйғарылған, себебі кітапхананың орнына көлік тұрағын салу қажет деп саналған. Солай болса да Стамбұл Әуесқойлар Ассоциациясы Назири Аукаф пен Шейху - л - Ислам Хайри Эфендидің қолдауы және күш-қайратымен кітапхана жойылудан аман қалған. Одан соң ол Парса Фатих есімін алады. Кітапхананы қалпына кетірумен қатар Фейзуллах Эфенди оған 2189 қолжазба, ал Әли Эфенди 1600 кітапты сый еткен.
Стамбұлда Рашид Эфенди, Жаруллах Эфенди, Хакимоглы, Әли Паша және Парса Пашалар салдырған кітапханалар да болған. Бірақ 1942 жылдан соң олар жарамсыз күйге түскен. Олардың дүниелерінің бәрі Парса кітапханасына және Фейзуллах Эфенди кітаптарының қорына жиналады. 1962 жылы Парса кітапханасы көпшілік кітапханаға айналғанда көптеген жеке уақып кітапханаларындағы дүниелер Сүлеймания кітапханасына өткізілген. Кітапхана коллекциялары Лалелідегі Симкешан ғимаратына беріледі, одан соң Парса кітапханасы өзінің дербестігін қайта алып, ары қарай Стамбұлдағы Фатих аумағында көпшілік кітапхана ретінде қызмет етуін жалғастырады.
Мұрат Молла, Әділ Сұлтан, Юсуф Паша Хакимоглы, Әли Паша көпшілік кітапханалары және Әбу Бәкір Паша, Явуз Селим, Әли Эфенди балалар кітапханасы үлестес субъединица ретінде Парса кітапханасында қызмет атқарды, бірақ олар коммерциялық ұйым еместер қатарына жатқызылды.
Мұрат Молла кітапханаларындағы қолжазбалар 2000 жылы Сүлеймания кітапханасына берілген және қоры көпшілік үшін ашық болған. Қазіргі таңда кітапхана «Парса қолжазбалар кітапханасы » деген атаумен қызметін жалғастыруда.
Стамбұл кітапханасы шаһардың ең үлкені. Оның құрамына Йылдыз кітапханасындағы (Сұлтан Абдул Хамид ІІІ-нің шамамен 30 мың жеке коллекциясы) және өзге де жеке коллекциялар кіреді. Университеттің әр факультетінің жеке де кітапханалары бар.
Стамбұл Университетінің кітапханасы, 1933 ж. бастап Стамбұл университетінің осы оқу орнының орталық кітапханасы деп атала бастайды.
Топкапы кітапханасы – 1928 жылы құрылған. Топкапы сарайы музейінің жанында. Ол Стамбұлдағы екінші ескі кітапханалардың бірі. Мұнда османдық каллиграфия өнерінің үлгілері, сонымен қатар қамыс қарындашпен бояу жаққыш қарындаштар сақталған жәшік, қайшылыр, ұстағыш пышақтар, қасиетті Құран сақталған қаптама, кітап қоюға арналған сүйемен, мөрлер мен карталар сақталған. Кітапхана көшірме және баспа қызметтері, микрофильмдер мен суреттер қызметін көрсетеді.
Көпрүлү кітапханасын ұлы елші Мехмет Көпрұлү 1661 ж. салдырған. Ол Стамбұлдағы тәуелсіз әрлемнің ең алғашқысы үлгісі. Кітапхана баудың ішінде, Чемберлітас алаңының оңтүстік жағында – үш жағы көшелер. Кітапхана кірпіш пен тастан қаланып, күмбезбен көмкерілген.
Атиф Эфенди кітапханасы
Рагиб паша кітапханасы
Хаджи Салим аға кітапханасы
Фатих Файзулла Эфенди кітапханасы
Анкара кітапханасы яғни Ұлттық кітапхана 1946 жылы Халықаралық кітапханалар үйі негізінде қаланған. Ол Түркиядағы ең үлкен кітапханалардың бірі. Ондағы кітаптар қоры 5 бөлікке бөлінген:
1. Ежелгі шығыс және түрік тілдеріндегі қолжазбалар
2. Түрік кітап басып шығару ісінің бастапқы кезіне дейін басылған,
қатталуы қолжазбаға ұқсас кітаптар. Оларға: 1729-1928 жж. араб шрифтімен терілген түрік басылымдары
3. 1928 жылдан бастап шыға бастаған барлық түрік басылымдары
4. Түркия туралы барлық тілдердегі кітаптар
5. Барлық білім салары бойынша құнды шетел баспалары жатады.
Сонымен, Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ даласы перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз етер болсақ, әуелі әрине Отырар ұландары бірінші орында тұрады. Фарабтықтардың түрлі тақырыптарды сөз ететін араб, түрік, парсы, ағылшын тілдеріндегі еңбектері өз алдына бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бастаған Отырарлық ойпаздардың орны бөлек.
Фарабтық ойшылдар
1. Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950)
а)Араб тілінде:
1) «Рисала фи-л ақл» - «Ақыл (парасат) жайлы трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы, Рагиб паша қоры.
2) «Китабу-л мантиқ» - «Логика жайлы кітап». Қолжазба. 194 бет. Топкапы сарайы кітапханасы. Аманат қазынасы.
3) «Диуан» - «Жинақ». Қолжазба. Баязит мемлекеттік кітапханасы.
4) Рисала танбиһ ала сабил-с сағада – «Бақыт жолын көрсету жайлы трактат». Қолжазба Селжуқ, Анкара университеттері илаһийат факультеттері.
5) «Рисала фи-л илми илаһи» - «Тәңірлік ілім жайлы трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
6) «Рисала фи-л ахлақ» - «Мінез-құлық жайлы трактат» - Қолжазба, Сүлеймания кітапханасы.
7) «Ат-Тағлиқат» – «Афористикалық (жазбалар»). Қолжазба. Рагиб паша, Анкара университеті кітапханасы..
8) «Китабу-л Ибара» – «Сөйлем жайлы кітап». Қолжазба. Түркі тарихы және Көпрүлү, Қара теңіз техникалық университет кітапханалары.
9) «Китабу-т тахлил» - «Талдау (анализ) туралы кітап». Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
10) «Фалсафату-л Аристуталис» - «Аристотельдің философиясы». Қолжазба. Стамбұл университеті кітапханасы.
11) «Китаб ара аһл әл-мәдинату-л фадила» - «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы жайлы кітап». Бейрут. Насри Надир баспасы. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы, Сүлеймания кітапханасы.
12) «Рисала фи фадилату-л улум уа-с санаат» - «Ғылым мен түрлі өнерлердің қасиеті жайлы трактат». Қолжазба. Стамбұл университеті кітапханасы.
13) «Китаб әл-хуруф» - «Әріптер жайлы кітап». Бейрут 1920, 1986, 1990.
14) «Ағмалу-л фалсафия» - «Философиялық жұмыстар». Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
15) «Китаб ихса әл-улум» - «Ғылымдарды жіктеу жайлы кітап». Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы.
16) «Уйуну-л масаил» - «Мәселелер қайнары». Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы, Рашид Эфенди қоры.
17) «Китабу-л қийас» - «Силлогизм туралы кітап». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
18) «Шарх Әбу Насыр әл-Фараби ли-китаб Аристуталис фи-л қийасат» - «Аристотельдің «Силлогизм» кітабына Әбу Насыр әл-Фарабидің түсіндірмесі». Қолжазба. Топкапы сарайы кітапханасы.
19) «Әл-Әлфадуил Афлатунийа уа-т тақуилус сийасату-л мулукийа» - Қолжазба. Топкапы сарайының кітапханасы, Сүлеймания кітапханасы.
20) «Китаб мусик әл-кабир» - «Музыканың үлкен кітабы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
21) «Китабу-л аурад» - «Дұға жайлы кітап». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
22) «Рисала фи-л хикамиия». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
23) «Китабу-с-сийасату-л маданийа» - «Азаматтық саясат жайлы кітап». Хайдарабад. Мажлис баспасы. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
24) «Рисала фима йанбағи ан йуқаддим қабла тағлими фалсафа» - «Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі жайлы трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
25) «Китабу-л жадал» - «Диалектика жайлы кітап». Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
26) «Китабу-л мадхал ала синату-л мусика» - «Музыка өнеріне кіріспе кітап». Қолжазба. Рагиб паша қоры.
27) «Фусулу-л мадани» – «Азаматтық бөлімдері». – Измир, 1987 Түрік тарихы ұйымы кітапханасы, 19-май университеті кітапханасы.
28) «Китаб мусик әл-кәбир» - «Музыканың үлкен кітабы», Париж, 1930 Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
29) «Әл-Мадинату-л фадила» - «Қайырымды қала», Стамбул 1956. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
30) «Талхис науамис Афлатун» – «Платон заңдарына қорытынды». Варвург институты, 1952.
31) «Рисала ужуһ уа имкан» - «Ұлы Жаратушы және әлем жайлы трактат». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
32) «Ихса-ул улум» - «Ғылымдарды жіктеу». Стамбул, 1990, Ерзурум университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
33) «Китабу-л жам байна райайни-л хакимайн» – «Екі басым ойды тоғыстыру (хакимайн) жайлы кітап». Бейрут, 1986.
34) «Китабу-л хуруф» - «Әріптер жайлы кітап». Бейрут, 1986.
35) «Мабади ала аһл мадинатил фадила» – «Қайырымды қала халқының негізі». Оксфорд, 1985.
36) «Таалики ибн уажжа ала мантики-л фадаил» – «Ибн Уажжаның қасиеттер логикасына түсіндірмесі». Бейрут, 1994.
37) «Китаб ал-Алфазу-л мустаъмала фи-л мантик» – «Қисын ілімінде қолданылатын сөздер». Қолжазба. Ғази университеті кітапханасы.
38) «Мантиқ инда ал-Фараби» - «Әл-Фарабидің логикасы». Бейрут, 1985.
39) «Китаб ал-имкинату-л маглата» – «Софизмнің мүмкіндігі жайлы кітап». Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
40) «Ахсайу-л уиқайат». Қолжазба. Маниса кітапханасы. Философия мәселелері сөз болған.
41) «Рисалатани фалсафиатани» - «Философиялық екі трактат». Қолжазба. Қара теңіз техникалық университеті кітапханасы.
42) «Рисала фи-л масаили мутафаррика» – «Әр түрлі мәселелер жайлы трактат». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті университеті.
43) «Ар-Рисалату зийнунийа» – «Зинун трактаты» Қолжазба. Баязит кітапханасы.
44) «Әл-Мабади» – «Негіздер». Қолжазба. Миллет кітапханасы.
45) «Китабу-л бурһан» – «Дәлел жайлы кітап» Қолжазба. Миллет кітапханасы.
46) «Рисала шарх рисалати-з зийнуни-л кабири-л йунаний» – «Грек үлкен Зинун трактатына түсіндірме». Қолжазба.Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
47) «Рисала ад-дуаи-л қалбийа» – «Жүрек дұғасы трактаты». Хайдарабад. Мажлис баспасы. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
48) «Фусул мунтаза». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы
кітапханасы.
49) «Рисала фи ма йасиху уа ма йасиху мин ахками-н нужум» -
«Жұлдыздар туралы дұрыс және дұрыс емес үкімдер жайлы трактат». Қолжазба. Мармара университеті. Илаһийат факультетінің кітапханасы.
50) «Китабу Аристуталис фи-л ибари» – «Аристотелдің сөйлем жайлы кітабы». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
51) «Шарх фусусу-л хикам» – «Кемеңгерлік меруерті (трактатына) түсіндірме». Қолжазба. Анкара университеті кітапханасы.
52) «Фадилату-л-улум уа-с синаға» – «Ғылымдар мен түрлі өнерлердің қасиеті». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
53) «Китабу-л фусус» – «Гауһар тастар жайлы кітап». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
54) «Рисала макалату фи аград ма бада-т табиғат» Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
55) «Рисалату фи исбати-л муфарриқат» – «Бөлушілердің барлығын дәлелдеу» атты трактат. Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті, Сүлеймания кітапханасы.
56) «Китабу-л милла уа нусусу ухра» – «Ұлт және басқа да деректер жайлы трактат». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
57) «Ас-Сиясату-л маданийа ау мабаду-л маужудат» – «Азаматтық саясат немесе болмыс әлемінің ережелері». Қолжазба. 19 қыркүйек университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
58) «Әл-Жамиғ байна райи-л хакимайн Афлатун әл-илаһи уа Аристуталис» – «Екі кемеңгердің – Аристотель мен Платонның ойларының жинағы». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті және Сүлеймания кітапханалары.
59) «Мабадиу-л фалсафату-л қадима» – «Ежелгі философия негізі». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
60) «Рисала ли-л муаллими-с сани фи жауаби масаил суйла анһу» – «Екінші мұғалімнің сұралған мәселелердің жауаптарын қамтыған трактаты». Қолжазба. Мармара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
61) Фусус. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
62) Фусус Кабир. Қолжазба. Миллет кітапханасы.
63) Фусус сағир. Қолжазба. Миллет кітапханасы.
64) Мақала фи мабади-т табиға. Қолжазба. Қожа Рагиб паша қоры.
65) «Зийну-л кабири-л йунани» – «Грек үлкен Зинун». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті.
66) «Әл-Мажмуғ». «Жинақ». Қолжазба. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы. Қолжазба.
67) «Әл-Мадхал ила синағати-л мусиқа» – «Музыка өнері трактатына кіріспе». Қолжазба. Көпрулү кітапханасы.
68) «Тақуиму-с сиясату-л мулкийа уа-л ахлақи-л ихтийарийа» – «Патшалық саясатты және ерікті мінезді түзулеу, дұрыстау». Қолжазба. Көпрулү кітапханасы.
69) «Ажайбу-н нусус фи тахзибу-л фусус» – «Гауһарларды реттеу ғажайып адамдардың орны». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
70) «Фасл мин китабу-с сиясати-л маданийа» – «Азаматтық саясат кітабының бір бөлігі». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
71) «Рисала фи мабадил-лати биһа әсжам уа-л ағрад» – «Денелер мен (ағрадтардың) негізі саналатын қағидалар». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
72) «Рисала фи-л уахид уа-л уахда» – «Бір мен бірлік жайлы трактат» Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
73) «Рисала фи тафсири китаби-л мадхал фи синағати-л мантық» – «Логика өнеріне кіріспе кітабына тәпсір жайлы трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
74) «Әл-Мантиқу-с саманийа» – «Сегіз логика». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
75) «Әл-Ибара ‘ан аради Аристуталис фи китаби ма бағда-т табиға» Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
76) «Әл-Масаилу-л фалсафийа уа-л ажуиуа ‘анһа» – «Фалсафа мәселелері және олардың жауаптары». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
77) «Әл-Адғийа» – «Дұғалар». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
78) «Әл-Жуғрафия инда-л муслимун» - «Мұсылмандарда жағрафия ілімі». Қолжазба. Харран университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
Бұлардан басқа біршама трактаттар Әбу Насырдың көне грек оқымыстылары шығармаларына жазылған түсіндірмелерінен тұрады.
Иә, Түркия кітапханаларында сөйтіп Әбу Насыр әл-Фарабидің негізінен осындай философия, логика, психология, филология, музыка, географияға қатысты еңбектерінің қолжазбалары сақталған. Түрік ғалымдарының ХХ ғасырдың 50-жылдардан бері Отырар перзенті еңбектерін жиірек зерделеп, тіпті түрік тіліне де аударғаны байқалады. Солардың ішінде Әбу Насырдың «Китабу-л хуруф» – «Әріптер жайлы кітап», «Китабу-т тахлил» – «Талдау кітабы» «Китабу-л ибда» – «Китабу-л қийас» – «Силлогизм кітабы», «Рисала танбиһ ала сабил-с сағада» – «Бақыт жолын көрсету жайлы трактат», «Мантиқ инда әл-Фараби» – «Әл-Фарабидің логикалық еңбектері», «Рисалату фи-л ақл» – «Ақыл жайлы трактат» «Фусусул Мадани» - «Азаматтық [саясат кітабының] гауһарлары», «Китаб ара аһл әл-мадинату-л фадила» – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты еңбектері жиірек ұшырасады. Сондай-ақ оның «Ихса әл-улум» – «Ғылымдарды жіктеу», «Сийасату-л маданийа» – «Азаматтық саясат» секілді шығармаларын да кездестіреміз. Бұлардың бірқатары аз да болса Қазақстандық фарабитанушыларға таныс, бірнешеуі зерттелген және орыс, қазақ тілдеріне тәржімалаған.
Түркияда Әбу Насырдың Бейрутте, Каирде, Теһранда, Хайдарабадта (Үндістан), Оксфордта араб, ағылшын, неміс тілдерінде басылған еңбектері де бар. Француз, ағылшын, неміс, парсы оқымыстыларын түрік ғалымдары сияқты Отырар ғалымының философиялық, логикалық, музыкалық шығармалары көбірек қызықтырған.
Түркияның қолжазбалар қорында Әбу Насыр Әл-Фарабидің Иранның түрлі кітапханалары мен қолжазба қорларында ұшырасатын біраз дүниелері де бар. Олардың кейбірін өткен ғасырдың 90 жылдары, сол кездегі Ирандағы елшіміз Мырзатай Жолдасбеков әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сыйлағаны есімізде.
Енді Әбу Насыр әл-Фарабидің тек арабша ғана емес, түрік тіліндегі де шығармаларын келтірейік.
Түрік тілінде
1. «Құран ве Сүннеттен делиллерле иртидат ве мүртедин хүкмү» - «Құран және Сүннеттен дәлелдерімен діннен шығу (иртидат) және діннен шыққан адамның (мүртәд) үкімі». Қолжазба. Харран университеті илаһиат факультетінің кітапханасы.
2. «Домуз ети» - «Доңыз еті». Қолжазба. Харран университеті илаһиат факультетінің кітапханасы.
3. «Афлатон куралларынын өзеті» - «Платон заңдарының мазмұны » 1985.
4. «Аристо фалсафаси» - «Аристотель философиясы». Анкара, 1974, Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
5. «Мутлулугу қазанма» - «Бақытқа жету». Анкара, 1974, Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
6. «Идеал Девлет» - «Идеал мемлекет», «Ал-Мадинату-л Фадила» – «Қайырымды қала». Анкара, 1997 Ерзурум университеті кітапханасы.
7. «Фараби тадкиклери» - «Фарабидің зерттеулері», Стамбұл, 1950, 19-май университеті, илаһийат факультеті кітапханасы.
8. «Әбу Насыр әл-Фарабийн хал уздине макаласи», – Анкара, 1956 Ұлыдағ университеті кітапханасы.
9. «Ас-Сийасату-л маданииа» – «Азаматтық саясат» Стамбұл, 1980. Ұлыдаг университеті.
10. «Тарих бойунжа яһуди меселеси». Қолжазба. «Тарих бойынша яһуди мәселесі». Харран университеті.
11. «Илимлерин сайымы» - «Білімдердің жіктелуі». Стамбұл. Маариф баспасы. Мармара университеті. Илаһийат факультетінің кітапханасы.
12. «Узлук Оғлу Фарабинин есерлеринден сечме парчалар» - «Ұзлұқұлы Фарабидің шығармаларынан таңдамалы бөлімдер». Қолжазба. Стамбұл университеті шығыстану институты кітапханасы.
13. «Фарабинин уч есери» - «Фарабидің үш шығармасы». Қолжазба. Проф. Др. Етхем Рухи Пығлалы кітапханасы.
14. «Текник геомери» - «Техникалық геометрия». Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
15. «Фелсефенин темел меселелери» - «Философияның негізгі мәселелері». Қолжазба. Стамбұл университеті Әдебиет факультеті. Кітапханасы.
16. «Ефлатун иле Аристоталисин гөрушлеринин узлаштырылмасы» - «Платон мен Аристотель көзқарастарының ұштастырылуы». Қолжазба. Стамбұл университеті Әдебиет факультеті кітапханасы.
17. «Фалсафа өгрениминден өнже билинмеси герекен конулар» - «Философияны үйренуден бұрын білу міндетті тақырыптар». Қолжазба. Стамбұл университеті Әдебиет факультеті кітапханасы.
18. «Фарабинин базы мантык есерлери» - «Фарабидің кейбір логикаға байланысты шығармалары». Қолжазба. Ататүрк мәдени орталығы. Ғази университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
Ағылшын, француз тілдерінде
1. Al-Farabis Commentary of Aristotles Kitabi Aristotalis fi al-Farabi. Beyrut. 1971.
2. Deux Ouvrages inedits fur la Rethozique/ Al-Farabi. Beyrut. 1971.
3. Book of letters “Kitabul Huruf” / Abu Nasr al-Farfbi. Beyrut. 1970.
4. Al-Farabis Abhadlung der Musterstaat Aus LOndener und Oxfor. Leiden-Bril, 1895.
5. Philosofy of Aristotle. Beyrut, 1961 (түрік тарихы ұйымы кітапханасы)
6. Le Texte Latin Madival du Intellectu of al-Farabi.
7. Farfbis Article on Vacuum. Ankara, 1951.
Түркия қолжазба қорларында Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге-бұрын соңды белгісіз боп келген «Тарих бойынша йаһуди мәселелері» атты шығармасы да бар екен.
«Ақыл (парасат) жайлы» 1971 жылы Бейрутта шыққан трактаты «Түрік тарихы ұйымы» кітапханасында, сондай-ақ оның «Риторика» жайлы еңбектері туралы француз тілінде жазылған зерттеу (1971) және «Китабу-л хуруф» - «Әріптер жайлы кітап» атты еңбегі туралы Маһди Михсанның Бейрутта 1970 ж. шыққан монографиясын осы қордан көрдік.
Отырар ұланының Оксфордта 1895 жылы шыққан 85 беттік тағы бір еңбегі және «Фарабидің үш еңбегі» атты түрік тіліндегі шығармасы, «Фусусу-л мадани» – «Азаматтық гауһарлар», «Музыканың үлкен кітабы», 1961 жылы Бейрутте басылған «Әл-Фарабидің философиясы» атты ағылшын, «Әл-Фарабидің музыкасы» атты француз тілінде 1930 ж. Парижде шыққан трактат, «Мадинату-л Фадыла» – «Қайырымды қала» Стамбұлда 1956 жылы түрік тілінде шыққан кітаптар да осы қорда.
Ұлы бабаның «Мадинату-л Фадыла» - «Қайырымды қала» атты трактаты да түрік тіліне аударылыпты. Оның Анкара университетінде талай көшірмелері тұр. Бұған қарап Әбу Насыр Әл-Фараби мұрасын жинау мен зерттеуде түрік бауырларымыздың бізден көш ілгері кеткенін байқамау мүмкін емес.
Сонымен Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларына сүйеніп біз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 100-ден астам еңбектерін атадық. Ал ұлы ғұлама қанша еңбек жазды? Қанша шығармасы біздің заманымызға жеткен деген мәселеге келсек, орта ғасырларда энциклопедист Отырар перзентінің өмірі мен шығармашылығын жинап, зерделегендер Ибн ан-Надим (Х ғ.) Ибн Саид әл-Қуртуби (ХІ ғ.), әл-Байхақи (1169), Йақұт әл-Хамауи ар-Руми (1229), Ибн Саид әл-Қифти (1248), Ибн Әби Усайбиға (1270), Ибн Халликан (1282), әл-Қазуини (1283), Әбу-л Фида (1331), Аз-Заһаби (1348), Әл-Йафиғи (1367), Ас-Сафади (1383), Хаджи Халифа, Ибн әл-Имад (1657), әл-Акари (1678), соның ішінде Ибн Саид әл-Қифти оның жүзден астам трактаты барын айтумен қатар, аттарын да атаса, Ибн Әби Усайбиға 105 шығармаларының тізімін берген. Олармен біз оқушыларымызды өткен ғасырдың 70 жылдары таныстырғанбыз.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің дүние жүзіне шашырап кеткен туындылары қазіргі кезде де ғалымдар назарынан тыс қалған емес. Бұл ретте түрік ғалымы аталмыш Ахмет Әтештің еңбегі ересен. Ол Әбу Насыр шығармаларының библиографиясын жасап, Стамбұлда 1951 жылы жарияласа, ал 1973 жылы Исмет Бинарк пен Нежат Сефержиоглу Анкарада «Фараби библиографиясының», біршама толық басылымымен зерттеушілерді таныстырды.
АҚШ-тың Питсбург университетінің профессоры Николас Решер де бұл іске өз үлесін қосқан. Оның 1962 жылы жарық көрген «әл-Фарабидің аннотациялы библиографиясында» Отырар перзентінің 100-ден астам еңбектері, аудармалары аталады. Осы ретте Қазақстандық белгілі психолог ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Құбығұл Жарықбаевтың да еңбегін атап кетуге тиіспіз. Ол да Әбу Насыр шығармаларының библиографиясын көз майын тауысып жасағаны есімізде.
Бірақ Әбу Насырдың өмірі мен шығармаларына арналған әлемдік деңгейдегі бір ізді, біртұтас, толыққанды библиография әлі еш жерде, ешқандай елде жасалған емес.
Біздің соңғы жылдардағы ізденістеріміз бен зертттеулеріміз Отырардан шыққан дара тұлғалардың көп екенін көрсетіп отыр. Мен осы күнге дейін олардың 30-ға жуығын таптым. Солардың Түркиядан табылғандарын мерзімдік тәртіппен қарасақ атақты Әбу Насыр әл-Фарабиден кейінгі екіншісі –
2. Әбу Ибраһим Исқақ бин Ибраһим әл-Фараби (?-961).
Отырарлық бұл ғалымның да өмірі мен шығармашылығы туралы өткен ғасырдың 80-жылдары жазғанмын. Ол Әбу Насыр Әл-Фарабиден соң өмір сүрген. Алғашқы білімді туған елінде алған соң, арман қуып Дамаскі мен Бағдадқа аттанған. Сөйткен Әбу Ибраһим Исхақ араб тіл білімі мәселелерімен айналысып, еңбек жазған. Оның ХХ ғасырдың 70-жылдары Каирде шыққан шығармасы «Диуан әл-әдаб фи-л луға» - «Тіл жайлы адаб жинағы» - деп аталады.
«Диуан» - араб тілінің қыр-сырын баяндайтын өте күрделі де бағалы шығарма. Осы дүниені өзіне үлгі ете отырып Махмұт әл-Қашғари «Диуан лұғат ат-түркті» жазған деген болжам бар.
«Диуанды» екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Египеттік Доктор Ахмад Мұхтар Умар мен Ибраһим Анис атты ғалымдар Александрия кітапханасы қолжазба қорынан кездейсоқ тауып, зерттеп, кейінірек 4 том етіп бастырып (1974-1979, 1984) шығарған.
Түркияның Стамбұл университеті, Сүлеймания кітапханаларында «Диуанның» жарияланбаған да қолжазбалары бар. Сондай-ақ бұл ел кітапханаларында «Диуанның» аталмыш басылымдары да кездесті.
Біз Әбу Ибраһимнің біздің заманымызға аталмыш жалғыз-ақ еңбегі жеткен деп есептейтінбіз. Сөйтсек оның күні бүгінге дейін бізге белгісіз болып келген «Ар-Рихлату-л Хижазийа» - «Хиджаз сапары» атты шығармасын да бар екен. Ол қолжазба күйінде сақталған, көлемі 395 бет. Харран университеті илаһийат факультетінде тұр. Бұл дүние ғалымның Мекке, Мединеге барған сапарының жай-жапсарын баяндаса керек деп ойлаймыз. Сондай-ақ ұлы данышпанның:
- Рисалату-л зайтунийа. - «Аз-Зайтуна трактаты». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
- «Әл-Джауамиғ ли-д» «Диуани-л адаб» - «Диуан әл-адаб жинақтары». Қолжазба. Баязит, Сүлеймания кітапханалары [секілді де еңбектері бар.
3. Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фараби (?-1002)
Араб тілінің көрнекті өкілі саналатын бұл жерлесіміз де Отырарда Х ғасырдың шамамен 2 жартысында туылған. Алғашқы білімді де отанында алған. Сосын нағашысы Әбу Ибраһим Исхақтың шақыруымен Бағдад пен Дамаскіге аттанған.
Оның да еңбектері араб тілі мәселелеріне арналған. Әбу Насырдың негізгі еңбегі - «Тадж луға уа сихах әл-арабийа»- «Тіл тәжі және дұрыс (нағыз, шынайы, ақиқат) араб тілі»- деп аталады. Отырарлық бұл ғалым да негізінен араб тілінің лексикографиясын жазумен аты шыққан. Еңбектің Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларындағы нұсқалары түрліше аталады.
1. «Сихах фи-л луға» («Ас-Сихах фи-л луға») – «Шынайы (ақиқат) тіл». Қолжазба. Баязит және Сүлеймания кітапханалары.
2. «Сихах әл-муғд». Қолжазба.
3. «Ас-Сихах фи-л луға» - «Шынайы (ақиқат) тіл». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
4. «Аруду-л уарақа» - «Өлең өлшемі», Дар әл-Байда, (Касабланка). 1984.
5. «Китаб әл-қауафи» - «Ұйқас жайлы кітап». Эрзурум. Ататүрк университетінің әдебиет факультеті, 1995.
6. «Луғати ванкули» таржама-и сихаһ-и Жауһари» – «Жауһарлардың сихахының аудармасы» Ван көлі сөздігі». Қолжазба. Селжұқ университеті.
7. «Ас-Сихах әл-Джауһари» (Китаб луғати-л Ванкули). Қолжазба. Баязит кітапханасы.
8. «Таржама-и «Сихах-и» Жауһари» - «Жауһари «Сихахының тәржімасы». Қолжазба. Жүмһуриет университеті илаһийат факультетінің қоры.
7. «Ванкули луғаты» – «Ван көлі сөздігі». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
8. «Ванкули луғаты» – «Ван көлі сөздігі», Гази унив-і кітапханасы. Қолжазба. Діни басқарма мен, Мармара унивеситетінің кітапханалары.
9. «Ас-Сихах тадж әл-луға уа сихах-и әл-арабийа» - «Тіл тәжі және ақиқат араб тілі», Бейрут, 1990. (6 том).
10. «Ас-Сихах» - «Ақиқат» («Шынайы»). Қолжазба, Миллет, Діни басқарма, Сүлеймания кітапханалары.
11. «Тадж луға уа сихах әл-арабийа» - «Тіл тәжі және ақиқат араб тілі». Қолжазбалар. Мармара унив-і, Сүлеймания кітапханалар.
Түркияның Баязит, Сүлеймания, Мармара, Селжұқ, Эрзұрұм университеті мен Түркия Діни істері басқармасы кітапханасында «Тіл тәжінің» бірнеше басылымдарымен қатар қолжазбалары да бар. Сондай-ақ Түркияда оның:
«Аруду-л уарақа» - «Өлең өлшемі». Қолжазба.
«Китабу-л қауафи» - «Ұйқас жайлы кітап». Қолжазба.
секілді өлең өлшемдерінің теориясына арналған шығармалары да бар.
Ғалымның Түркия кітапханаларындағы басты еңбегі жоғарыда айтылғандай бірде «Сихах фи-л луға», «Сихах», кейбір нұсқалары «Ас-Сихах таджи-л луға уа ас-сихах әл-арабийа»- деп аталатынын байқаймыз. Бұл еңбекті ХІҮ ғасырда Жетісулық кемеңгер ойшыл Әбу-л Фазл ибн Мұхаммед Жамал Қарши (1230-1315) парсы тіліне аударған. Оны мен өткен ғасырдың 80-жылдары Дағыстан кітапханаларындағы қолжазбалар қорынан көрдім.
2000 жылы оның 700 беттік нұсқасын Каирдегі «Дар әл-кутуб әл-Мысриийадан» алдым. Қазір ол менің жеке қорымда.
«Сихах» 1729 жылы ол араб тілінен түрік тіліне де тәржімаланыпты. Оның бір нұсқасы Түркияның Республика университетінің илаһийат факультетінде сақтаулы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, менің талантты шәкіртім Шынар Қалиева Әбу Насыр Исмаил әл-Жауһаридің өмірі мен шығармашылығына арналған кандидаттық диссертация жазып, Ташкентте 2002 жылы қорғады, кейін ол кітап болып шықты[1].
4. Мұхаммед бин Мұхаммед бин әл-Хұсейн Мадж ад-дин әл-Усрушани, Мұхаммед бин Хұсейн әл-Фараби (?-1234)
Отырарлық бұл ғалым да маған мәлім. Ол туралы да мен бір мақаламда жазғанмын. Мұхаммед ХІІІ ғ. өмір сүрген парасат иесі. Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық еңбегіне түсіндірме жазыпты, бірақ ол еңбегі жарияланбаған.
«Әл-Фусул» – «Бөлімдер» («Тараулар»). Қолжазба. Мармара, Баязит Сүлеймания кітапханасы.
«Шарх «Фусус әл-Хикам» – «Кемеңгерлік меруертіне» түсіндірме». Қолжзаба. Мармара, Баязит, Сүлеймания университеттері кітапханасыдағы оның барлық нұсқаларында 116 бет және 1291 жыл деген мерзім көрсетілген. Тек Баязит кітапханасындағы нұсқасы 78 бет, Сүлейманиядағысы 106 бет. Соңғыда 1013 жыл деген мерзім тұр.
5. Абдуллаһ бин Мұхаммед бин Йусуф Насыр әл-Фараби әл-Азди.
Оның «Тариху-л уламаи-л Андалус» - «Андалусия ғұламаларының тарихы» атты еңбегінің қолжазбалары Ататүрк университеті илаһийат факультеті кітапханасынан көрдім. Шығарманың тарих мәселесіне арналғанына қарағанда авторы тарихшы сияқты. Отырарлық бұл ойшыл жайлы әлі әзір қолымызда мағлұматтар жоқ.
6. Абд әл-Латиф ибн Ахмад әл-Фараби да біз білмейтін жаңа әл-Фараби.
Оның есімі Мароккода шыққан «әл-Харакату-л фикрийа уа әл-әдабийа фи-л алами-л араби ал-хадис» – «Жаңа араб әлеміндегі ой-пікір және әдеби қозғалыс». Дар әл-Байда. (Касабланка), 1983 атты еңбекке байланысты аталады. Ол Ливанда да жарық көріпті (Бейрут, 1995).
Бұл кітап Жумһурият университеті илаһийат факультеті кітапханасында бар. Өкінішке орай Абд әл-Латифтің өмірі мен шығармашылығы туралы дерек кездестіре алмаудамыз.
7. Әбу-л Фадл Таһир бин Мұхаммед әл-Фараби Заһирдің еңбегінің аты «Диуан» - «Жинақ». Қолжазба. Ол Баязит кітапханасында. Өмірі жайлы мәлімет жоқ.
8. Аға Хасан әл-Фарабидің еңбегінің қолжазбасы «Һидая» тәржімасы» деп аталады. Ол Бұрһан ад-дин әл-Марғинанидің (?-1197) «әл-Һидая» атты Әбу Ханифа мазһабында жазылған еңбегінің тәржімасы секілді. Қолжазба. Автор жайлы мағлұмат жоқ.
9. Бұрһан ад-дин Ахмед бин Абу Хафс бин Йусуф әл-Фараби (?-1174)
«Манзума фи-л муаннасати-с самаийа» – «Тіл ережелеріне бағынбайтын әйел тегіне (женский род) қолданылатын қалыптар». Қолжазба. Нури Османия кітапханасы. Араб тілі мәселелеріне арналған.
Тағы бір еңбегі «Заллат әл-қари» – «Намазда Құран оқушының шатасуы» деп аталады. Қолжазба. 121-214 беттер. Сүлеймания кітапханасы.
Бір нұсқасы Санкт-Петербордағы Шығыстану институтының қолжазбасы қорында тұр. Шығарма қасиетті Құранды дұрыс оқу жайлы сөз етеді. Отырарлық ғалым ХІІ ғасырда өмір сүрген.
10. Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл-Фараби (1130-1210)
Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл-Фараби (Фариаби) энциклопедист Әбу Насыр және тілші екі әл-Фарабилерден кейін Түркия кітапханаларында еңбектері жиірек ұшырасатын ғалым. Оның шығармалары көбінесе дін мәселелеріне арналған. Әбу-л Қасым әл-Фараби туралы «Қазақ даласының жұлдыздары» (1995) атты кітабымда бұрынырақ жазғанмын.
Енді оның Түркияның кітапханалары мен қорларындағы жазба дүниелерін атап кетейік.
Халисату-л хақаиқ. Қолжазба. Хұсейн паша қоры.
Халисату-л хақаиқ ли-ма фиһи мин асалиб ад-дақаиқ. Қолжазба. Анталия. Текелиоглу қоры, Сүлеймания кітапханасы.
Әл-Муджаллад әл-аууал мин китаб хашйату-л хақаиқ ли-т тасаууф. Қолжазба. Ая София қолжазба қоры.
Халисату-л хақаиқ фил фиқһ. Қолжазба. Қажы Махмуд Эфенди қоры.
Халисату-л хақаиқ ала иьтиқади аһлис-сунна уа-л джамағат. Қолжазба. Нафис паша қоры.
Халисату-л хақаиқ уа минһаджу-л абидин. Қолжазба. Рашид Эфенди қоры.
Әбу-л Қасым еңбектері ішінде Түркия кітапханаларында жиі ұшырасатыны жоғарыда айтылғандай «Халисату-л хақаиқ» – «Таза шындық». Қолжазба. Ол бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Оның бір-бір нұсқалары Атиф Эфенди, Анталия Текелі облысы халық кітапханасы, Бурса аймақтық жазба кітапханасында сақтаулы. Қысқартылған 60 беттік нұсқасы Санкт-Петербургте шығыстану институтының қорында.
Ал Сүлеймания кітапханасындағысы – «Халисату-л хақаиқ лима фиһи мин асалиб ал-д-дақаиқ» – «Ғылым түрлері жайлы жазылған таза шындық», - деп толығырақ көрсетіліпті. Бұл да қолжазба. Сүлеймания кітапханасындағы нұсқасы 524 беттен тұрады. Сүлейманиядағы нұсқасында сондай-ақ һижри 997 жыл көрсетілген.
Сүлейманиядағы қолжазбада оның аты-жөні әл-Фараби Имад ад-дин Махмұт бин Ахмед әл-Фараби деп жазылса, еңбектің осы кітапханадағы тағы бір нұсқасында Имад ад-дин Әбу-л Қасым Махмұд бин Ахмед әл-Фараби делініпті. Түркия кітапханаларындағы қолжазбалар нұсқаларының бет саны әр түрлі.
Түркия кітапханаларында Имад ад-диннің тағы басқа да трактаттары бар. Олар:
1. «Мұнтахабат мина-л асилати-л ламиа уа-л ажуиуата-л жамиа» – «Таңдамалы терең сұрақтар мен тұщымды жауаптар». Қолжазба. 63-70 бет. Сүлеймания кітапханасы.
2. «Мұнтахаб мин халисату-л хақаиқ» – «Таза шындықтың таңдамалысы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
11. Қауам ад-Дин әл-Итқани (Иқани) әл-Фараби ат-Түркістани (1286-1356)
Қауам ад-Дин Түркістанның шығысындағы 20 шақырымдай жерде жатқан, орта ғасырларда Итқан (Атқан), қазір Иқан деп аталатын кентте 1286 жылы туылған. 31 жасқа дейін Отырарда имам болған. Сонан соң білім іздеп әуелі Самарқан мен Бұхараға, сонан соң Дамаскіге сапар шеккен. Бағдадта 25 жыл қазы болып істеген. Сонда үйленіп, ұлды, қызды болған. Кейін Каирге қоныс аударып, сонда біржола тұрақтап қалған. Египеттің орта ғасырлық Ибн Тагриберди, Әл-Макризи, Ибн Касир, ас-Суйути секілді және т.б. ойшылдары ол жайлы қалам тербеген. Өз дүниелерінде олар Қауам ад-Динді «Каирге қала әкімі Саргатмиш (Сыргатмыш) шақырған. Онда Қауам ад-Дин медреседе ұстаздық еткен»,- дейді. Каирге барған бір сапарымда мен сол медресені іздеп таптым. Қазірге дейін ол дін аман тұр.
Иқан перзенті 73 жыл жасап 1356 жылы дүниеден өткен. Оның Каир, Дамаск, Кувейт, Түркия, Голландия, Өзбекстан, Ресей кітапханалары мен қолжазба қорларында оннан астам трактаттары бар[2]. Біразы менің де жеке мұрағатымда сақтаулы. Ол туралы «Егемен Қазақстан» газетінде «Каир медреселерін басқарған Отырар имамы» атты үлкен мақала жариялағанмын (№20-23, 25 қаңтар, 2006). Иқан жұрты сол дүниені оқып, риза болып, отандас ғалымына арнап Иқаннан мешіт салдырды. Оны 2007 жылдың 27 желтоқсанында арнайы барып ашып, алыста қалған отандас бабаға арнап дұға бағыштадым.
Қауам ад-Диннің Түркияда төмендегідей еңбектері сақтаулы.
«Кауакибу-д дуррийа фи байани набза мина-т тариқати-л бис». Қолжазба. Баязит кітапханасы.Сопылық мәселесіне арналған.
Әл-Муғжизату-н наджибииа шарху-р рисалату-алаийа. Қолжазба. Топқапы сарайы қоры.
«Рисала фи рафиу-л йадайн фи-с салат уа адана жауазиһи индаи-л» – «Намаз кезінде қолды көтеруге болмайтындығы туралы трактат» Қолжазба. Баязит кітапханасы.
«Ғайату-л байан надирату-л заман ахирул-ауан» – «Соңғы кездегі түсіндірменің кемелі әрі заманның сирегі». Қолжазба. Баязит, Сүлеймания кітапханасы.
«Ат-Табйин» – «Ізбасарлар». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
Сахабалармен кездескен, олардан дәріс алған және мұсылман боп дүниеден өткендер табииндер-ізбасарлар деп аталған.
«Аш-Шамил фи шархи-л усули-л Баздауи» – «әл-Баздауидің «Усуліне» толық түсіндірме». Қолжазба Сулеймания кітапханасы. Бір нұсқасы 278, екіншісі 188, үшіншісі 334 бет.
«Ат-Табйин фи шархи-л мунтахаб фи усули-л мазһаб» – «Таңдамалы мазһаб негіздеріне «ат-Табйин» атты түсіндірме». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Муқаддима фи тарки рафи-л йадаин фи-с салат» – «Намаз кезінде қолды көтеруге болмайтындығына кіріспе». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Қасидату-с сафа кард аш-шир». Қолжазба. Сүлеймания, Нури Османия, Миллет кітапханалары.
«Уардату-л аруах фи-л асмаи-л муаннасати-с самаййа». Қолжазба. Сүлеймания, Миллет кітапханалары.
«Ад-Дурар» - «Гауһарлар». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Ал-Мубат фи илми-л хисаб» – «Есеп ілімі». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Манзума дурар ли-л Фараби әл-Итқани» – «Әл-Фараби әл-Итқанидің манзумасы (өлеңдері)».
«Ғайату-л байан уа надирату-л акран фи шархи-л һидая» – «Заманының сирегі әрі ең кемел баяндау – «Һидаяның түсіндірмесі». Қолжазба. Сулеймания кітапханасы. 7 том.
«Қасидату-с сафа» – «Тұнық (таза) жыр (қасыда): Қолжазба. Нур Османия кітапханасы.
«Әл-Лубаб фи илми-л хисаб». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Миғражу-д дирайа ила шархи-л Һидая». Қолжазба. Едирне кітапханасы.
«Китаб ат-Табйин фи шарх әл-мунтахаб фи усул әл-мазһаб ли-л Ахсикаси» – «Ахсикасидің «Усул әл-мазһаб» атты кітабына таңдаулы түсіндірмеден тұратын «Табйин кітабы»[3]. Қолжазба. Едирне Селимия кітапханасы.
* * *
12. Әмір Исмаил әл-Хусайни, Әл-Фараби.
- Шарх әл-фусус фи-л хикма. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
Әбу Насыр әл-Фарабидің белгілі трактатына түсіндірме сияқты.
Кердері тарландары
Оңтүстік Қазақстан және Сыр бойындағы белгілі діни, рухани, ғылыми орталықтардан басқа, кезінде Хорезм өлкесіне қараған қазақтың Кердері қаласы және тайпасынан (руынан) да талай ғұламалар шыққан.
Хорезмге ислам VIII ғасыр басында келді және ол жергілікті халық мәдениетіне үлкен үлес қосты. Елді хорезмшаһтар биледі. Мұнда олардың үш әулеті салтанат құрды. Біріншісінің негізін атақты Махмуд Ғазнауи (970-1030 қалады), олардың билігін ары қарай (1017-1043) Алтыншаш жалғастырды. Бұлардың тарихтағы ең белгілісі Ануштегін Гүршаһ әулеті (1077-1220) еді. Хорезм Х-ХІІІ ғасырларда барынша дамыды. Үлкен математик, астроном және географ Мұхаммед әл-Хорезми, (783-850) Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048), Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) әлем мақтанышына айналды.
Өлкедегі Үргеніш, Көне Үргеніш, Хиуа секілді т.б. қалаларда мешіттер мен медреселер, керуен сарайлар, өнер мен мәдениет ордалары өмір сүрді. Ғылымның сан-саласына арналған трактаттар дүниеге келді. Араб тілі мен әдебиеті, дін ғылымын сөз ететін, Хорезм мақтанышы аталған Әбу-л Қасым аз-Замахшари (1075-1144) де Хорезмде күн кешті. Атақты астроном, математик Мұхаммед Мұса әл-Хорезми Хиуада тұрып, соңыра Бағдадқа ілім іздеп кетті. Ол алгебраның атасы аталды. Оның еңбектері ХІІ ғасырдан. бастап латын тіліне аударылуына байланысты, есімі мен шығармалары Еуропа жұртына кең тарады.
Хорезм уалаятындағы Кердері шаһары мен оның маңындағы Баратакин секілді үлкенді-кішілі кенттер мен қамал, қорғандар және олардан шыққан ғалымдар жайлы әл-Мұқаддаси, Ибн әл-Асир, Ибн әл-Жаузи, ат-Табари, Йақұт әл-Хамауи, Әл-Идриси, ан-Нуайри, ас-Суйути еңбектерінде аз болса да деректер ұшырасады. Бұдан шығатын қорытынды қазақтың осы күнгі Кердері шаһары мен руына жататын ұландарының арғы ата-бабаларының да Хорезм мәдениетіне қосқан үлесі бар.
Кердері мен кердерилер туралы араб тілді бұлақ көздері не айтады мәселесіне қолда бар деректерге сүйеніп аз да болса тоқтала кетейік.
Әл-Мұқаддаси әл-Башшаридің (Х ғ.) «Ахсан ат-тақасим фи мағрифати-л ақалим» – «Аймақтарды танудағы тамаша бөлулер» атты еңбегінде Кердер көп айтылады. Ол Кердерді өзен деп те көрсетеді. «Кердер төрт фарсах жердегі қасаба (кент, қамал) мен өзара жақын жатқан мекеннен басталып бір өзенді құрайды» десе, Мадж ад-Дин Мухаммед Фирузабади (1329-1414) «Әл-Қамус әл-мұхитта» «Шамс әл-аимма» әл-Кердеридің аты-жөніндегі Баратекін (Баратекин) деген жер атауын «бұл сөз аджамдарға (араб емес халыққа) қатысты. Ол Кердердің орталығы», - дейді.
Ал аз-Заһаби (1274-1348) «Сйару-л ағламу ан-нубала» – «Ұлы адамдардың өмірбаянында» – «Баратекин Кердерге бағынышты. Кердер Хорезм өлкесіндегі үлкен аймақ» деп көрсеткен.
Енді Кердерілік асыл бабалардың бірнешеуі туралы мағлұматтарға үңілейік.
1. Әбу-л Мафахир Тадж ад-Дин Абд әл-Ғафур (Абд әл-Ғаффар) бин Луқман бин Мұхаммед әл-Кердери (1116-1167). Ол Хорезмнің дәуірлеп тұрған кезінде өмір сүрген.
Стамбұл қолжазбасында Кердері ұланы Абд әл-Қадир бин Лұқман әл-Кердери деп көрсетілген. Бірақ өзге де бұлақ көздері бойынша оның толық аты-жөнінің Әбу-л Мафахир Тадж ад-Дин Абд әл-Ғафур (Абд әл-Ғаффар) бин Абд әл-Қадир бин Лұқман бин Мұхаммед әл-Ханафи әл-Кердери екенін анықтадық. Бірақ ол халық арасында «Шамс әл-Айимма» - «Имамдар шамшырағы» деген лауазыммен танылған.
Әбу-л Мафахир әл-Кардари фиқһ (мұсылман заңы, яғни шариғат) саласы бойынша мәшһүр ханафит ғалымы Әбу-л Фазл Абд ар-Рахман Мұхаммед әл-Кирманиден (1065-1149) дәріс алған және Нұр ад-Дин Махмұд бин Занки заманында (ХІІ ғ.) қазіргі Сирияның Халаб қаласының қазысы болған.
Оның фиқһ негіздері бойынша түзілген «Шарх «әл-жамиғ ас-сағир» уа «Жамиғ әл-кабир» - «Кіші және Үлкен жинаққа түсіндірме», «Шарх аз-зиядат» – «Қосымшаға түсіндірме» яғни белгілі ханафит ғалым Әбу-л Абдалла Мұхаммед бин әл-Хасан бин Фарқад аш-Шайбанидің (749-805) аталмыш «Кіші және Үлкен жинақтарына» және «Қосымшаға түсіндірмесіне» жазылған «шархтармен» қатар, «Хайарату-л фуқаһа» - «Таңқаларлық фақиһтер» деген еңбектері бар. (Сүлеймания кітапханасы), Оларда шариғат саласы бойынша ғалымдар шешімдер табуға қиналатын көптеген аса маңызды мәселелер қамтылған. Ұстазы Кирманидің "Тажрид" – «Абстрактылы» атты шығармасына ол "әл-Муфид уа-л мазид" – «Пайдалы және қосымша» атты түсіндірме жасаған..
"Шарафу-л қудат" (Қазылар даңқы) деп те аталған Абд әл-Ғафур Кердери шығармаларының көпшілігі фиқһ (мұсылман заңы) мәселелеріне арналған дедік. Бұл кітаптарда ол алдымен мәселенің негізі жайында сөз етіп, сосын одан туындайтын жайттерді талдайды.
Үндістандық ханафи ғалымы Мұхаммед Абд әл-Хайй әл-Лакнауи әл-Һинди «Оның тағы да «Ауам» (?) халқы тілімен жазған «Баян әлфаз тажри» атты кітабы бар» деп жазса, Қасым бин Құтлубұға (1399-1474) «Тадж ат-таражимде» - «Өмірбаяндар тәжінде» оны «өте тақуа, құдайшыл адам болған» деп еске алады.
Ол Халаб қаласында һижраның 562/1167 жылы дүние салған.
Жоғарыда айтылған және өзге де жерлерде қайталанатындықтан аш-Шайбани ныспылы ғалымға тоқтала кеткен жөн. Әбу Абдалла Мұхаммед бин әл-Хасан (749-805) мұсылман хұқықының көрнекті өкілі. Ирақта дүниеге келген. Жас кезінен бастап ханафи мазһабының негізін салушы Әбу Ханифа – Имам Ағзам мен оның шәкірті Әбу Йусуф дәрістерін тыңдап өскен Имам Малик мазһабының нгізін салушы Малик бин Анастан да Мадинада тағлым алған үлкен тұлға. Халифа Һарұн ар-Рашид тұсында ғұмыр кешкен ол Әбу Ханифа мұрасын сақтауда, жинауда үлкен ыждаһаттылық танытқан. Фиқһ пен оған қосымша бойынша үлкен және кіші анықтамалықтар жасаған. Бұл және оның өзге де еңбектеріне араб ғалымдары ғана емес, сондай-ақ Орталық Азиялық та талай кемеңгерлері көптеген түсініктемелер жазған.
2. «Шамс әл-аимма» – «Имамдар шамшырағы» Мұхаммед бин Мұхаммед бин Абд ас-Саттар әл-Кердери һижраның 599/1203 жылы Кердері маңындағы кенттердің бірінде дүниеге келген. Түрік ғалымы доктор Ахмет Өзел оның ныспысын «Әбу-л Уажд Шамс ад-дин Мұхаммед бин Абд ас-Саттар бин Мұхаммед әл-Имади әл-Баратикини, «Шамс әл-аимма» әл-Кердери» деп көрсеткен. Ол әуелі Хорезмде ханафи ойшылы Әбу-л Фатх (Әбу-л Мұзаффар) Наср ад-дин әл-Мұтарризи (?-1021) ілімі бойынша дәріс алған. Ал Жалал ад-дин ас-Сығнақи (?-1311) ұстазы болған. «Шариғату-л Ислам» –«Ислам шариғаты» атты еңбектің авторы әл-Имам Хатибзадеден хадистер тыңдап, соңыра білімін жетілдіру үшін Бұхараға келеді. Онда Умар бин Бакр аз-Заранжариден (1090-1189), ол екеуі «Шамс әл-Айимма» – «Имамдар шамшырағы» Бакр бин Мұхаммедтен және Аз-Заранжари әл-Халуаниден (?-1060), ол Әбу Әли әл-Хұсейн ан-Насафиден (?-1138), ол Мұхаммед бин әл-Фадилдан, ол Әбу Мұхаммед Абдалла бин Мұхаммед бин Йақұб әл-Калабази ас-Сабазмуниден (871-952), ол Әбу Хафс ас-сағирден, ол өз әкесінен, әкесі Мұхаммедтен және «Манһаж аш-шариғаның" – «Шариғат жолы» авторы Қауам ад-дин ас-сағирден сабақ алады.
Ол ғылым жағынан өз замандастарынан оқ бойы озық тұрған. Сол үшін Бұхара халқы оны құрмет тұтқан. Тіпті ол туралы: «Расында ол Әбу Зайд ад-Дабусиден (?-1039) кейін шариғат ілімін тірілткен тұлға»,- деген. Самарқанд маңындағы Дабусия кентінде туған Әбу Зайд Абдалла бин Умар бин Иса ад-Дабуси атақты Ханафи ғалымы еді. Әбу Жағфар әл-Усрушанидан фиқһ ілімі бойынша тағлым алған.
Кердерілік парасат иесі һижраның 642 жылы мұхаррам айының 9-жұлдызында (1244) Бұхарада дүние салған соң Абдулла ас-Сабазмуни қабірінің жанына жерленген.
Кердері перзентінен Қаһарзаде деген лауазым иесі болған жиені Мұхаммед бин Махмуд бин Абд әл-Карим және Хамидуддин ад-Дарир Әли ар-Рашими және Хамид ад-дин әл-Кабир Мұхаммед бин Мұхаммед әл-Бұхари мен Мұхаммед әл-Маймарғи және тағы басқалар білім алыпты.
Мұхаммед Абд әл-Хайй әл-Лакнауи әл-Һинди:
«Мен оның Имам әл-Ғазалидің Имам Әбу Ханифага айтқан орынсыз сөздерінен тұратын «Манхуліне» жауап ретінде жазған хатын көрдім. Олардың біріншісі: «Әлхамду лилләһи рабби-л аламин» деп басталады да әл-Ғазалидің әрбір сөзіне жеке-жеке тоқталады, сондай-ақ онда Әбу Ханифаның атқарған игі қызметі мен қүрметі туралы сөз етеді. Бұл хат өте көркем әрі мәнді жазылған, тек кей жерлерінде ғана көп сөйлеп, артық кетіп Имам Шафиғи мен оның ізбасарларына тіл тигізіп алатыны бар. Дей тұрғанмен ондай жайт хатта Имам әл-Ғазалидың Әбу Ханифаны кінәлап, оған тіл тигізгеніне қарағанда әлдеқайда аз деуге болады» -деп жазды.
Сондай-ақ ол әрі қарай «аш-Шейх әл-Имам әл-һамам Мұхаммед бин Мұхаммед бин Абд ас-Саттар әл-Кердери Әбу-л Уажд «Шамс әл-Айимма» аш-Шейх әл-Имам Камал ад-дин Мұхаммед бин Абд әл-Уахид деген лауазымы бар ұлы тұлға. Ол мазһабтар мәселесі бойынша көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Оның қолынан көптеген шәкірттер дәріс алған» - дейді.
Мұхаммед Абд әл-Хайй сондай-ақ «Шамс әл-Айимма» Мұхаммед бин Абд ас-Саттар бин Мұхаммед әл-Кердеридің толық аты-жөні мен туылған жылы жайлы бірнеше керағар пікірлер бар. Сондықтан да мен Сығнақидың (Хұсам ад-Дин Хұсейн (Хасан) бин Әли Хажжаждың) «Ан-Ниһая шарх әл-һидаясын» – «әл-Һидаяның түсіндірмесінің соңы» және «Фатху-л Қадири хашияти-л һидаясы, бин Масуд ас-Сийуаси әл-мағруф бин Ибн әл-һұмам әл-Ханафи Ибн һамамның «әл-Бинаяту шархи-л һидаясын» оқып шықтым. Олар өз кітаптарында «әл-һидаяға» сілтемелер берген кезде, кердерілік ғалымды «Мұхаммед бин Мұхаммед бин Абд ас-Саттар әл-Кердери» деп көрсеткен. Осы дұрыс болуы керек» деп жазады. Шынында да бұл дұрыс пікір.
Мұхаммед бин Мұхаммед бин Абд ас-Саттар әл-Кердеридің Түркия қолжазбаларында төмендегідей еңбектері бар:
1. «Хаққи-л мубин фи идһали шубаһи-л мубтилин». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
2. «Манақиб әл-Имам Ағзам» – «Имам Ағзам өмірбаяны». Қолжазба. Рашид Эфенди кітапханасы.
3. «Ар-Рад уа-л интисар ли-л мазһаб Әбу Ханифа» – «Қарсыластарға жауап және Әбу Ханифа мазһабына жақтасу». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
4. «Рисала фи радд ала-л Имам әл-Ғазали» – «Имам әл-Ғазалиге жауап трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
5. «Ар-Радд ала ман иуаниду Әбу Ханифа рисала фи таъиди мазһаби-л Имам Әбу Ханифа» – «Әбу Ханифа мәзһабының қарсыластарына жауап трактаты». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
6. «Рисала фи-р радд ала-л Жұбайни уа-л Ғазали» – «Жұбайни мен әл-Ғазалиге жауап трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
7. «Рисала фи та'ииди мазһаб әл-Имам Әбу Ханифа» – «Имам Әбу Ханифа мазһабын қолдау» жайлы трактат. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
Кердери және басқа да ғұламаларға байланысты «Шамс әл-Аиимма» деген сөзді кездестірдік. Ол не? «Шамс әл-Аиимма» - «Имамдар шамшырағы» – діни лауазымды білдіреді. Ондай лауазым имамдарға ғана берілген. Бұхарада қарахандықтар тұсында мұндай лауазымға ислам дінінің бес заңгері (факиһтер) ие болған.
Осы «Шамс әл-Аиимма» әл-Кердериден жоғарыда аты аталған жиені дәріс алған. Оның аты-жөні – Мұхаммед бин Махмұд әл-Кердери Қаһерзаде – (жиен) (3). «Маураннаһрлік кейбір ғұламалар қарындастарының ғалым ұлдарына осындай лақап ат беретін болған» деп жазады түрік ғалымы доктор Ахмет Өзел. Кердерінің бұл ойшылы жайлы мағлұматтарымыз жоқ.
Мұхаммед бин Махмұдтан Әбу-л Мұхаммед Махмұд бин Мұхаммед бин Дауд әл-Афсанджи әл-Бұхари әл-Луълуи (1229-1272) және Әбу-л Баракат Хафиз ад-дин Абдуллаһ бин Ахмед бин Махмуд ан-Насафи (?-1310) фиқһ ілімінен тағлым алыпты. Соған қарағанда ол хорезмшаһтар тұсында дүниеге келіп, Моңғол шапқыншылығынан соң дүниеден өткен сияқты.
Иә, атағы алысқа кетіп, даңқы жер жарған Хорезмді ХІІ ғасырдың 20-жылдары Орта Азия мен Қазақстан және өзге де мемлекеттер сияқты моңғолдар жермен-жексен етіп қиратты. Хорезм мемлекеті жойылды. Сұлтандар өлтірілді. Ғылым, білім тапталды. Бұл өлке тағдыр тәлкегімен енді Алтын Орда хандығына қаратылды. Олардың астанасы Еділдің төменгі ағысы бойындағы Қажы Тарханға (Астрахань) жақын жердегі Сарай Берке қаласы болды.
"Сарай, Ескі сарай (жылнама бойынша – Үлкен сарай, қазіргі Астрахань облысы, Харабалинск ауданы, Селитренное селосы) – Алтын Орда астанасы еді. Оны 1254 жылы Батый салдырған. Ол Еділдің төменгі сағасындағы Ахтуба жағасына жайғасты. Сарай Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталықтарының біріне айналды.
Бату сарайында көптеген зәулім сарайлар мен мешіттер, сауда махаллалары, мазарлар (сағаналар) салынды" деп жазылған "Қазақ Совет энциклопедиясында". Ал, Сарай-Берке, Жаңа сарай (қазіргі Волгоград облысы, Ленин ауданы, Царев селосы) да Алтын орданың астанасы болды. Оның негізін Берке хан қалаған (1260 жыл шамасы). Сарай-Берке XIV ғасырдың І жартысында гүлденді.
1333 жылы қалада болған араб саяхатшысы Ибн Баттута (1304-1377): "(Сарай-Берке) тегіс жерге салынған көрікті қалалардың бірі, адам көп, сонда сұлу көшелер мен сәулетті базарлар бой түзеген. Қаланы әртүрлі халықтар: моңғолдар, асылар, қыпшақтар, гректер, орыстар және византиялықтар мекендеген" деп жазды.
1361 жылдан бастап Сарай-Беркені хан тағының үміткерлері алма-кезек басып алып отырды. Сөйткен шаһарды 1395 жылы Ақсақ Темір (1336-1405) күйретіп тынды" (ҚСЭ, 10 том, 27 бет).
XIV ғасырдың екінші жартысында Хорезм қайта көтерілгенде ғылым-білім біршама жанданды. Кердеріліктердің өмір-тұрмысы, ғылым-білімі Хорезм өлкесімен тікелей байланысты болды. Иә, Хорезм мәдениетінің қайта көтерілуіне кердеріліктер де өзіндік үлес қосты. Олар мемлекеттің кіндік қаласы ғана емес, сонымен қатар Қажы Тархан (Астрахань) мен Қырымда, Рұм (Түркия) елінде, мұсылман шығысында да тұрды.
Хорезм Кердерілерінен XIV ғасырдың бірінші, XV ғасырдың екінші жартысында да бірнеше ойшылдар шықты. Көпшілігі дін ғұламалары-тын. Соларды мерзімдік жағынан қарасақ, ауызға әуелі моңғол шапқыншылығынан кейін өмір сүрген ғалымдар легі ілінеді.
Алтын Орда иелігінде болған Қырымдағы осы күнгі Феодосия, (бұрынғы Кафа) шаһарынан шыққан Махмұд ибн Сүлеймен әл-Кафауи (?-1582/1583) «Катаиб ағлам әл-ахйар мин фуқаһа мазһаб ан-Нұғман әл-мұхтар» деген еңбегінде Кердері перзенттері туралы да мағлұматтар келтірген.
«Солардың бірі» – деп жазды ол, «көзі ашық, көкірегі ояу азамат болған «Наср ад-дин Мұхаммед ибн Шиһаб ибн Йусуф ибн Умар ибн Ахмед әл-Кердери әл-Хорезми әл-Баратакини» (4). Ол да Хорезм өлкесі уалаятындағы Кердеріге қарасты Баратакин кентінде өмір сүріп, ғылым-біліммен шұғылданған. Жалал ад-дин ибн Шамс ад-дин әл-Хорезми әл-Гурланиден (Күрланиден) (?-1336) тағлым алған. Ал ол өз кезегінде Сыр бойындағы Сығанақ ұланы, атақты Хұсам ад-дин ас-Сығнақиден (?-1311//1317) оқыған-ды. Саийд Жалал ад-дин әл-Гурлани (? – 1366) атақты Бұрһан ад-дин Марғинанидің «Әл-Һидаясына» түсіндірме жасаған және оны «Әл-Кифая» - «Жеткілікті» деп атаған білімпаз. Насыр ад-дин Мұхаммедтің атағы ибн әл-Баззази деген атпен шыққан» деп жазған.
Алла Тағала Насыр ад-динге атағын алысқа жіберген ұл берді. Оның аты – Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Шиһаб ибн Йусуф ибн Умар ибн Ахмед әл-Кердери әл-Баратекини әл-Хорезми (1344-1424) (5). Бірте-бірте ол әлемге «Хафиз ад-дин Баззази» деген атпен мәшһүр болды. Өйткені әкесі және Хафиз ад-дин де бәз матасымен айналысқандары үшін баззази-бәзшілер аталған. Әкесі Насыр ад-дин Мұхаммед шыққан биіктен де асып түсті. Махмұд ибн Сүлеймен «Хафиз ад-дин білімінің негізгі бөлігін әкесінен, сонан соң фиқһ ғалымы бойынша Саийд Жалал ад-дин әл-Гурланиден (?-1336) алды. Ол ғылымда кемелділікке жетті және өз елінде атағы шықты. Ол Еділге жақын жердегі Сарай қаласында тұрды. Сонан соң аталмыш өзеннен Қажы Тархан маңында өтіп, Қырымға бет алды. Онда бірнеше жыл тұрды. Қырымда имамдар және атақты кісілермен пікір таластыра жүріп, фақиһтерге сабақ берді» деп жазады.
Махмұд әл-Кафауидің айтуынша «ғалымдар оның біліміне, қабілетіне таң қалатын. Сол себепті де ол туралы жұрт арасында жақсы пікір тарады. Ол дүниәуи істерге қызықпады, құдайдан қорқатын. Аллаһ тағаланың кәлам (шарифын) (Қасиетті Құранды) жатқа білді, оны үнемі оқып жүретін.
Біраз жылдардан соң ол келген жолымен еліне (Хорезмге) қайтты. Одан кейін Рұм еліне (Түркияға) сапарға шықты. Онда әл-Маула Шамс ад-дин әл-Фанаримен пікір таластырды, дін- ғылымның практикалық жағынан Кердері перзенті көбінесе одан басым түсті. Бірақ әл-Фанари ақыл-парасат (рационалистік) және традиционалистік ғылым жағынан одан озық-ты».
Осы жерде жерлесімізбен замандас болған, түріктің осы бір ғұламасы туралы да бірер сөз айта кеткен жөн секілді.
Лақап аты молла Фанари (751/1350) Түркияның Инегөл деген жеріне жақын маңдағы Фанар ауылында дүниеге келген. Әкесі шырақ (фанар) жасайтын болғандықтан, аталмыш ауыл да соның атымен аталып кеткен.
Молда Фанари білімді әкесі Хамзадан, сосын сол дәуірдің Алауддин әл-Әсуад (?-1397) және Жамалуддин Мұхаммед әл-Ақсараи (?-1388), Хамидуддин әл-Қайсари (?-1412) сынды атақты ғұламаларынан алады. Ол астрономия мен математика саласына жетік болған. Хижазда, Мысырда, Бурсада ұстаздық еткен.
Ілімге берілгендігі соншалық қажылыққа бара жатып жолай Каирге соғып, Мысыр ғұламаларымен пікірлеседі. Ол жерде Ханафи ғұламасы Камал ад-дин Бабартиден ілім үйренеді.
Челеби Сұлтан Мехмет оны Бұрсаға шақыртады. Сұлтан екінші Мұрат ғалым іліміне риза болып, оған 1424 жылы Османлы дәуіріндегі алғашқы шейху-л ислам қызметін тапсырады. Оны ол алты жыл атқарып ақырында екі көзі көрмей қалған Мехмет 834/1431 жылы Бурсада дүние салады.
Сонымен Махмұд ибн Сүлеймен әл-Кафауи Хафиз ад-дин әл-Кердериді «араб тілі» ғылымының барлық саласымен айналысты. Сондай-ақ Рұмға келгенге дейін өзі жазған пәтуаларды «әл-Уәджиз» – «Қысқа» атты кітапқа жинады. «Әл-Уаджиз» соңындағы «Китаб әл-Иджара» тарауының аяғына ол «(804/1401) жыл басы түнінің біразы ауғанда «әл-Иджара» кітабы Аллаһ тағаланың арқасында аяқталды. Аллаһ тағала оны бітіруді нәсіп етсін!» деп жазған.
«Хафиз ад-дин әл-Баззазиден, – дейді Махмұд ибн Сүлеймен әл-Кафауи, – Мұхйи ад-дин Кафияджи деген атпен белгілі әл-маула әл-Фадил Шараф ад-дин ибн Камал әл-Қирими, әл-Маула Сираж ад-дин Ахмед әл-фадил әл-Қирими ибн әл-фадил әл-камил Фадил Шейх әл-Хаджи Тархани ілім алды.
Мен әл-Маула Сирадж ад-динге арнап қағаздың бүктелген жеріне әл-Маула әл-фадил ибн әл-Баззазидің өз қолымен жазған Иджазаны көрдім. Ол өте ұзақ болғандықтан таңдаулы жерінен үзінді келтіріліп отыр. Хафиз ад-дин әл-Баззази былай дейді: «әл-алим әл-фақиһ уа-л фадил ан-набиһ Маулана Сирадж ад-дин Ахмед ибн әл-фадил әл-камил Фадил Шейх әл-Хаджи Тархани, – Аллаһ басында және аяғында оған күш-қуат берсін! Мүбәрәк Қырым қаласына аяғым тигенде, дәрістер бойынша пікір таласқандар ішіндегі тамаша ғұламалар қатарында еді. Ол ғылымда жетістіктерге жету үшін көп оқыды, көп қайталады. Ол менен ас-Сағанидің (1181-1252) «әл-Хадис уа-л мағананы» сынайтын ғылым туралы «Китаб әл-машариқ әл-ануар ли-д-дин әл-Абрарын», теңдесіз Маулана Хафиз ад-дин қаламынан туған «Китаб әл-кафи фи-л фиқһ ан-нұғманиді» және дәл сол автордың «Китаб әл-Мұсаффасын», әл-Қудуридің (972-1037) «Китаб әл-Һидайа», «әл-Манзумасын», біздің шейхымыз Маулана Жалал әл-милла уа-д-дин әл-Хаббазидің «әл-Мұғни», «Әл-Мұнтахабын», «Китаб әл-һади фи-л илм әл-кәлам әл-асим ли қауағид әл-ислами», Фахр әл-Хорезмидің (Әбу-л Қасым аз-Замахшаридің) «Китаб әл-Мұфассалын», шейх Мұхий суннанын «Китаб әл-масаббихын» түгелдей оқып тыңдады. Менде осы кітаптарды қира және иджаза тәсілімен беру құқығы бар.
Сонан соң Хафиз ад-дин Баззази, әкесі Наср ад-дин Мұхаммед ибн Шиһабтың ұстаздары мен шейхтарының ақыл-парасатқа жүгінетін, табан тірейтін ғылым мен, традиционалистік пәндер иснадын аяғына дейін келтірді. Одан кейін ол: ғылымдағы шариғ және ахкам, илм әл-калам, шейхылар мен фалсафадағы сөздерді мен әкем бойынша беріп отырмын, ал ол өзінің шейхы Әмір һұмам әл-милла уа-д-дин, хатимат әл-улама шараф әл-итра Маулана Саид Шамс әл-милла уа-д-дин әл-Гурлани, ал ол әл-Аллама Хұсам ад-дин ас-Сығнақи (?-1311//1317), ал ол сұлтан әл-фуқаһа уа-л-аулиа Хафиз әл-Милла уа-д-дин, ал ол әл-Аллама әл-Мұтаджалла би-ануар әл-Хақ Маулана Шамс әл-милла уа-д-дин әл-Кердери, ал ол «әл-Һидаяның» авторы Бұрһан ад-дин әл-Марғинани, ал ол өзінің ұстазы, ғылым сырын білетін, Имам Мүслимнің түсіндірмешісі, Мүфти әл-жин уа-л-инс Маулана Наджм ад-дин Умар ан-Насафи, ал ол әл-Имам Садр әл-Ислам Әбу-л Йусра әл-Баздауи, ал ол Маулана «шамс әл-аимма» әл-Халуаи атымен белгілі әл-Имам Әбд әл-Әзиз (ибн) Ахмед, ал ол әл-қади Әли ан-Насафи, ал ол Имам Әбу Бакр Мұхаммед ибн әл-Фадл әл-Бұхари, ал ол аш-Шейх Абдалла ибн Йағқұб ас-Сабазмуни, ал ол аш-шейх Әбу Абдалла Әбу Хафса ас-Сағир, ал ол өзінің ата-анасы әл-Имам Әбу Хафса әл-Кабир әл-Бұхари, ал ол әл-Имам Мұхаммед ибн әл-Хасан ибн әл-Фарқад аш-Шайбани, ал ол екінші имам - Әбу Йусуф әл-Ансари, ал ол Әбу Ханифа ибн Сәбит әл-Куфий мазһабының негізін қалағанға, ал ол Хамммад, ал ол Ибраһим, ал ол Әлқама, ал ол Абдалла ибн әл-Масғұд (оларға Аллаһ разы болсын!), ал ол Сахиб аш-Шариға Хатам әл-Әнбийа Алланың сүйіктісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) сүйеніп беріп отыр деп жазды. Сөйтіп Хафиз ад-дин әл-Баззази өзі өмір сүрген дәуірде шариғат ілімінің бүге-шігесін жетік меңгерген ірі ғалымдардың біріне айналды.
«Жұрт арасында Хафиз ад-дин «Фатауа әл-Баззазия» атымен мәшһүр болды» деген Махмұт әл-Кафауи әрі қарай: "Аллаһ тағала ол арқылы көптеген халықтарға көмектесті. Аллаһ тағала арқасында мен де пайда таптым. Оның Имам Ағзамның жетістіктері мен беделі жайлы жазылған «Китаб фи манакиб Әби Ханифа» – «Әбу Ханифаның өмірбаяны жайлы кітап» атты шығармасы бар. Аллаһ оған рахым етсін! Ол өте пайдалы, жоғары талаптарға жауап беретін өте құнды еңбек. Керектілердің бәрі де онда қамтылған және жоғары деңгейде орындалған. Оны мен басынан аяғына дейін оқып шықтым, көп пайдаландым, одан мына кітапқа көп нәрсе кіргіздім. Ол сөйтіп көп нәрсе қамтылған пайдалы тамаша кітап. Онда ғылыммен айналысқысы келген талапкерлерді ілімге шақыратын көптеген қағидалар бар» деп жазады.
Ал Мұхаммед Абд әл-Хайй әл-Лакнауи әл-Һинди Хафиз ад-дин туралы «Әл-Фатуа әл-Баззазияны» (Әл-Баззазияның «пәтуалар кітабын») қарап шығып, онда оларға сілтеме жасауға болатын аса қажетті мәселелердің бар екендігін таба білдім» -дейді.
Хафиз ад-дин әл-Баззази Мүбарак Меккеде қажылықта болып, осы қасиетті шаһарда һижраның 827/1424 жылының рамазан айының ортасында (шілде-тамыз) дүние салған.
Аз-Зирикли «Әл-Ағламда» – «Атақты кісілерде» Хафиз ад-дин әл-Баззазиді өз еңбегінде Ақсақ Темірді үнемі дінсіз» деп жүретін деп еске алса, ал тарихшы Ас-Сахауи (1427-1497) «ад-Дуъи-л ламиде» – «Нұрлы жарықта» «Хафиз ад-дин әл-Баззази деген атпен белгілі Мұхаммед ибн Мұхаммед Хафиз ад-дин ибн Наср ад-дин әл-Имади «әл-Кердери әл-Ханафи» екі томдық «Жамиғ әл-Фатауидің» – «Пәтуалар жинағының» авторы. Ибн Арабшаһ (1450-?) төрт жылдай оның қасында тұрып, одан фиқһ (мұсылман заңы) мен оның «Негізін» және поэзияны үйренді» деп жазады.
Хафиз ад-дин әл-Баззазидің Түркияның Баязит, Сүлеймания кітапханасы мен қолжазба қорларында:
«Әл-Фатауа әл-Баззазийа» – «Баззази пәтуалары». Қолжазба. Баязит кітапханасы (Көшірме нұсқалары көп).
«Әл-Фатауа әл-Базазийа» – «Баззази пәтуалары», «Әл-Жамиғ әл-Уәжиз фи-Фатауа» – «Қысқа фатуа жинағы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
Иә, Кердерінің даңқты ұлы Хафиз ад-диннің ең маңызды еңбегі «Фатауа ал-Баззазия» - «Баззазидің пәтуа кітабы» «Фатауа әл-Кердери» ретінде де танымал. Бұл еңбекті ол Анадолыға бармай тұрып жазған. Шығарма Ханафи мазһабының маңыздыларынан саналады. Онда мазһабтағы алдыңғы қатарлы Ислам ғұламаларының көзқарасына тоқталған. Өзге де ғұламалар еңбектерінен дәйектер алынып, тиісті қорытындылар жасалған. Ғалым тек Ханафи оқымыстыларының көзқарастары мен ұстанымдарына шектелмей, дұрыс үкім шығару үшін, көп еңбектенген. Бірақ ол негізінен ханафи ғалымдарының көзқарастарына иек артқан.
«Диуан» – «Жинақ». 43 бет. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Манақиб әл-Имам әл-Ағзам» – «Имам Ағзамның өмір жолы». Аударма. Тәржімалаған – Мұхаммед бин Умар Халаби. Қолжазба». Сүлеймания кітапханасы. Онда Имам Әбу Ханифа мен оның озық ойлы шәкірттері туралы айтылады.
Тағы бір айта кететін жайт Қазанда 1881 жылы «әл-Фатауа Баззазия» атты кітап шығыпты. Өкінішке орай ол әлі әзір қолға түспей тұр.
Еділ бойындағы Сарай қаласынан шыққан, аты-жөнінде Кердери деген жазу болмаса да Кердеріге қатысты делінетін тағы бір парасат иесі бар. Ол Махмұд бин Әли (ХІҮ ғ.) (6).
Мәскеулік белгілі шығыстанушы Әмір Наджип (1899-1990) «Наһж әл-Фарадис» – «Жұмақ жолы» атты дүниені зерттеген. Ғалым оны 1360 жылы Сарай шаһарында Махмұд бин Әли бин шейх Сараи жазған деп есептей отырып: «Оның отаны Еділ бойындағы Бұлғар еді. Білімді ол Хорезмдегі Кердері қаласында алған», – дейді де Кердер был одним из культурных очагов Хорезма того периода и расположен был на обеих берегах Амударьи, где автор мог получить теологический образование. Однако можеть быть выдвинута и другая гипотеза. Казахские племена входившие в «Киши жуз» в те времена кочевали в непосредственной близости от культурных центров государства в низовьях Волги. «Киши жуз» распадался на 1) Алим улу, 2) Бай улу, 3) Жети уру. Жету уру в свои очередь распадался на семь крупных родов, один из которых назывался Кердер. Слово «экдин» имеющееся в Санкт Петербургском списке «Нахжул Фарадис» и означающее «связанный» дает нам возможность отнести происхождение нашего автора и к этому казахскому роду Кердер. Тогда псевдоним Кердери будет означать не название места, где автор получил образование, а его родовое происхождение, а Булгари место полчения образования.
По времени это совпадает с правлением Бердибека, сына Джанибека, в период правления которого было написано «Мухаббат наме», а через несколько лет при правлении его брата Тенибека в Ак Орде «Хосроу и Ширин» Кутба. Как видно, период был очень плодотворным, когда создавалась литература разного жанра и содержания в стране.
Первые две главы данного произведения посвящены жизнеописанию пророка, его сподвижников и первых имамов – глав мусульманского богословия. Остальные две главы содержать материалы дидактическо -назидательного характера угодных добрых делах, о помощи бедным, о повиновении родителям, о дозволенных и недозволенных делах, о преступных делах – пролитие крови, употребление спиртных напитков, надменности, лжи и заочным хулении, зависти, гордости, беспечности и. т. д.
Что касается языка памятника, то в целом он написан простым языком, отдельные разделы не лишены и художественного мастерства и довольно богаты изобразительными средствами, материалы последних двух глав могут быть использованы как образцы прозы Золотой Орды середины XIV века.
Историко-литературное значение данного памятника заключается не только в том, что он является неоценимым источником для истории языка, но и в том, что он является ценным памятником и для истории литературы. При оценке памятника мы должны подойти к нему не столько со стороны общего содержания, а учитывать его историко-литературную и общественную ценность. С этой точки зрения данный памятник имеет огромное значение для многих современных тюркоязычных народов» деп жазады.
Шынында да «Қазақ Совет энциклопедиясында» (5 том, Алматы 1974, 389-бет) Кердері туралы – «Кіші жүздің Жетісу тайпасына кіретін) ру. Кердерінің шығу тегі тарихи әдебиетте, Хорезмнің солтүстігінде Кердері деген өз мемлекеті болған ғұн-кидариттердің тағдырымен байланысты қаралады. Кердері мемлекеті кезінде күшті болған. Соның атымен Х ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп те аталған. Осы мемлекеттің ескерткіштерінің бірі – Жанкент қаласы. Оның қалдықтары қазіргі Қазалы стансасының төңірегінде. Қазақтар мен қарақалпақтардың халық болып құрылу барысында Кердерінің бір бөлігі қарақалпақтардың Мүйтен тайпасының құрамына, ал екінші бөлігі кіші жүз қазақтарының құрамына енген. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде кердерілер Арал бойынан Қобданың жоғары жағына, Електің сол жағы мен Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған» деп жазылған.
7. Әбу Зайд Абд ар-Рахман бин Әли әл-Кердери (?-?)
Оның аты «Шарх әл-Аджурумийа» – «Аджуррумияға түсіндірме» атты еңбекке байланысты аталады. Қолжазба Ататүрк университеті илаһийат факультеті кітапханасында тұр.
Автор жайлы дерек берілмеген. Трактат біздіңше ортағасырлық Мұхаммед ибн Санхаджи ибн Аджуррум (?-1323) атты мағрибтік филологтың еңбегіне жазылған түсіндірме болуы мүмкін.
Өйткені оның араб тілінің грамматикасына арналған оқулығы көп елдерде күні кешеге дейін қолданылып келді.
8. Әбу Йусуф Абд ас-Салам бин Мухаммад әл-Кердери (?-?). Оның есімі «Тақуиму-л һидайа мин әл-бидаийа» және Ибну-л һидаййа мин әл-бидаййа» секілді қолжазбаларға байланысты аталады. Ол Баязит кітапханасында сақтаулы. Автор жайлы дерек көрсетілмеген.
9. Хайдар бин Ахмад бин Хайдар ал-Қадири әл-Кердери (?-?)
Оның ныспысы «Тафсир сурати-л Ихлас» – «(Құранның) «Ықлас сүресіне тәпсір» атты еңбекке байланысты аталады. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. Автор жайлы мағлұмат жоқ.
10. Сулейман әл-Кердери (?-?) Оның аты «Шарх-әл қасидату-л мудприна» (?) (мударййа) - «Мудприна (мударййа) поэмасына түсіндірме» деген шығармаға байланысты аталады. Авторы жайлы деректер көрсетілмеген. Қолжазба. Сүлеймания кітапхаасы.
Кердері тайпасы (руы) мен қазақ тарихындағы кердерилерге байланысты арнайы зерттеу қажет деп ойлаймын.
Түркістан перзенттері
Түркия қолжазба қорларында Түркістани деп көрсетілген де біраз дүниелер бар. Авторлары Түркістан қаласы яки Түркістан өлкесінен шыққандықтан Түркістани деп аталды ма, жоқ па, қолымызда ол туралы мәлімет жоқ. Түркістанилердің дүниелерінен де авторларының дәл қай жерлік екенін білдіретін жолдарды кездестірмедік. Бірақ Һибатулла ат-Тарази Түркістани, Махмуд бин Саййд ат-Түркістани ат-Таразилердің қазақ жерінен екендігі айқын болса, ал өзгелерінің жалпы түркі текті немесе Орта Азия яки Шығыс Түркістаннан екендігі даусыз. Енді соларға тоқталайық.
1. Һибатулла бин Ахмед бин Муалла ат-Түркістани ат-Тарази (1272-1333)
Тараздың да Отырар секілді тарихы алабөтен. Ол қанша шапқыншылық, жаугершілік, ұрыс-соғысқа ұшыраса да ес жиып, күл астынан қайта көтеріліп отырған. Тараз біздің заманымызға да жетті. Таразда көптеген мешіттер мен медреселер, керуен сарайлар болған. Археолог ғалымдар осыдан бірер жыл бұрын іргетасы 893 жылы қаланған, сәулеті өзгеше мешітті тауып қалпына келтірді. Ол шаһардың ортасындағы Қарахан кесенесінен 100 метрдей жерде тұр.
Тараз ислам мәдениеті мен ғылымына да өзіндік үлес қосқан. Одан 50-ге жуық ғалымдар шықты. Әсіресе Тараз қарахандықтар тұсында өркендеді. Әйтсе де жалпы жұрт түгілі ғалымдар да осы қаладан шыққан, еңбектерін араб тілінде жазған ойпаздардың еңбектері түгілі, есімдерін де біле бермейді. Түркия қолжазбалар қорында солардың бірі – һибатулла ат-Таразидың да шығармалары бар.
һибатулла бин Ахмед бин Муалла бин Махмұд Шұджа ад-дин ат-Түркістани ат-Тарази Таразда һижраның (1271/73) жылы туылған. Шұджа ад-дин лақап аты. Алғашқы білімді ол осында алған соң, соңыра ғалым ілім іздеп, баласын ертіп жолға шығады. Әуелі Дамаскіге, келіп тұрақтайды.
Мұнда Орта Азиялық ғылым іздегендер мен жетістіктерге жетіп, ұстаз дәрежесіне жеткендермен танысып, достасады, қызметтес болады. Осы ретте оған сабақ берген, Ходженттен Әбу Мұхаммед Жалал ад-дин Умар бин Мұхаммед бин Умар әл-Хаббази әл-Бахтияри әл-Ходжендиді атай кету керек. Ол көрнекті ханафит ғалым еді. 1232 жылы Сырдария бойындағы Ходжент шаһарында дүниеге келген-ді. Осында және Иззия медреселерінде дәріс берген. Хаббази 1292 жылы дүниеден өткен. Оның «әл-Муғни фи усули-л фиқһ», «Хашияту-л һидаийа», «һади фи усули-д дин» атты еңбектерінің қолжазбалары біздің заманымызға жеткен. Ол туралы Құраши, Ибн Құтлұбұға, Ташкупри-Заде, Хаджи Халифа, Ибну-л Имад, Лакнауи, К.Броккельман сияқты ғалымдар қалам тербеген.
Һибатулла да өзге де ілім қуған Орта Азия перзенттері секілді Дамаскіде Хаббазиден тағлым алған. Білімін байытқан соң ұстаз болып қызмет еткен. Орта Азиялық жастардың осында білім алып, биік белеске көтерілуіне барынша көмектескен. Дамаскіден соң Хибатулла ат-Тарази ат-Түркістани Каирге келеді.
Ежелгі қалада кезінде Заһир ад-дин Бейбарыс салдырған медреседе ұстаз болып істейді. 1334 жылы дүниеден өткен ол артына көптеген еңбектер қалдырған.
Һибатулла Ханафи мазһабын берік ұстаған ғалымдардың бірегейлерінен. Сондықтан осы мазһабтың көрнекті өкілі саналады. Тараздың ғалым перзенті Орта Азиялық Ханафи ғұламасы Әбу Жағфар Ахмед бин Мұхаммед бин Салам бин Абд әл-Малік әл-Азди ат-Тахауи (853-933) трактаттарына түсіндірме жазған.
Махмұд ибн Сулейман әл-Кафауи (?-1582/83) аталмыш еңбегінде Тараз ұланына бір беттей арнаған. Онда ол "Шұджа ад-дин Һибатуллаһ ибн Ахмед ибн Муалла ибн Махмұд ат-Түркистани ат-Тарази Дамаскіге келіп, Әбу Мұхаммед Жалал ад-дин Умар бин Мұхаммед бин әл-Хаббази әл-Бахтияри әл-Хұджандиден (1232/1293) дәріс алды. Ғылыми дәреже мен кемелдікке жетті. Ол фақиһ усули еді, пікір таластырғанды ұнататын, зерттеу ғылымы бойынша тамаша маман-ды. Барлық рационалды және традиционалдық ғылым салаларына ат салысты. Ол түрлі жинақтар, шығармалар, лекциялар мен кітаптардың авторы. Оған көптеген елдерден ғылым іздегендер келіп жататын. Ол барлық уақытта іспен шұғылданып жүретін иманды, беделді кісі-ді. Ол туралы халық жақсы айтатын, кітап беттерінде де аталып жататын. Ол Әбу Абдалла Мұхаммед бин әл-Хасан бин Фарқад аш-Шайбанидің (749-805) «Жамиғ әл-Кабир» – «Үлкен жинақ», «Ақидат ат-Тахауиге» – «Тахауи ақидасына» түсіндірме жазды. «Табсират әл-асрар фи шарх әл-Манар», «Китаб әл-Гурар» – «Таңдаулы өлеңдер кітабы», «Китаб әл-Иршад» – «Насихат кітабы», «Китаб әл-Мисал» – «Мысалдар кітабы» атты қолжазбалары бар.
Үнді ғалымы Мұхаммед Абд әл-Хайй әл-Лакнауи әл-Һинди «Ол Тадж ад-дин әл-Ашқардан «әл-Жамиғ әл-Кабирді» - "Үлкен жинақты" оқыды. Оның ұлы Мұхаммед ибн Һибатулла ибн Ахмед ат-Тарази «Әл-Жауаһир әл-мудийаның» авторы Әбу Мұхаммед Абд әл-Кадир Құрашиден (?-1373) тағлым алған. Ол «әл-Жауаһир әл-мудийада» "Әл-Ашқар әл-Имам Тадж диннің лақаб аты. Одан және әл-Хаббазиден (1232-1293) біздің шейхымыз Һибатуллаһ Шұджа ад-дин оқыған. Ал ол Абдаллаһ ибн Мұхаммед ибн Зайдтің лақабы» десе, Орта Азиялық тарихшы ас-Самани: «Ол ханафит шейхы, өз кезегінде Бұхарада көп хадис айтқан, һижраның 954-955 жылы дүниеден өтті. Ол Бұхарадағы ханафит ғалымдарының ішіндегі білгірі, өз мәзһабын қорғаушылар ішіндегі белсендісі еді. Оны әл-Хаким «Тарих Нисабурда» «Нисабурға ол 951-952 жылы өкіл ретінде келіп еді, деп еске алады" деп жазады.
Түркия қолжазба қорларында Тараз перзентінің төмендегідей трактаттары бар:
- «Табсиратул-л асрар фи шархи «әл-Манар». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Шарх акидати-т Тахауи» – «ат-Тахауидың «Ақидасына» түсіндірме» іспетті дүниелері сақтаулы. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
2. Саид бин Мухаммед ас-Сугди Жамал Түркістани.
Оның аты «Ар-Рисалату-л алаййа фи-л масаили-л хисабийа» атты қолжазбаға байланысты айтылады. Ол Сүлеймания кітапханасында тұр. Бұл ғалым кейде Әл-Фараби деп те аталады. Ол Әбу Насыр Әл-Фарабиге дейін, шамамен ҮІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген сияқты (?)
3. Махмуд бин ас-Саиид Насир ат-Түркістани ат-Тарази.
Оның аты «Ан-Назму-л хауи ли ақидати-л имам ат-Тахауи» (855-933) – «ат-Тахауи ақидасын қамтитын жыр» атты қолжазбаға байланысты айтылады. Ол дүние Мармара университеті илаһийат факультетінің кітапханасында сақтаулы.
«Қасаиду-л Махмудийа» – «Махмудия қасидасы» атты қолжазба Мармара университеті илаһийат факультетінің кітапханасында.
«Ан-Наджах фи-с Сарф» - «Граматикадағы жетістік». Қолжазба Баязит кітапханасы.
4. Шейх Алим Түркістани. (Абдуллаһ бин Мұхаммед бин Абдул Азиз ас-Самарқанди). Оның Түркияда «Рисалати-л калб фи-л малакут» – «Руханият әлемінде жүрек» атты трактатының қолжазбасы бар. (Бурса аймақтық жазбалар кітапханасы).
«Рисала фи мағрифати-л инсан» – «Адамды тану жайлы» трактат. Қолжазба Бурса өңірлік жазбалар кітапханасы.
«Рисала фи-л абади уа-л убудийа» – «Құлдар мен құлшылық» трактат. Қолжазба Бурса өңірлік жазбалар кітапханасында сақтаулы.
Автор жайлы дерек жоқ.
5. Абдуллаһ Реджеп Түркістанидің «Түркістан милли харакатлары» - «Түркістан ұлттық қозғалыстары» атты қолжазба (Стамбұл, 1945) Мармара университеті илаһиат факультетінің кітапханасы.
Автор жайлы дерек жоқ.
6. Иса Йусуф ат-Түркістанидің «Догу Түркистан инсанликтан йардым истийор» - «Шығыс Түркістан адамзаттан жәрдем сұрайды» атты қолжазбасы Мармара университеті кітапханасында.
«Қадиату Түркистани-ш Шарқийа» – «Шығыс Түркістан мәселелері» атты еңбегінің қолжазбасы Мармара университеті кітапханасы.
Автор жайлы дерек жоқ.
7. Абдуллаһ бин Мухаммед әл-Қашғари ат-Түркістани Нидаи. Оның Сүлеймания кітапханасында «Хайратнама» атты қолжазбасы бар.
- «Мухаммасат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Ширин Шамайл» - «Тәтті бейне». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Рисала фи баийани тарикати-н Нақшбандийа – «Нақшбандия тариқатының баяны туралы трактат» Қолжазба. Сүлеймания кітапханасында.
- «Диуан Нидаи». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Хаккия Нидаи». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Рисала мухтасар фи-т тасауууф» – «Сопылар жайлы қысқаша трактат». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Хаққия» – «Ақиқаттық». Қолжазба секілді дүниелері (Сүлеймания кітапханасы) бар.
Автор жайлы дерек жоқ.
8. Мұса бин Жаралла ибн Фатима ат-Түркістани. Оның түрік елінен:
- «Тариху-л Құран уа-л мусахиф» – «Құран және мұсхафтар тарихы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Қауаиди-л фиқһийа» – «Фиқһ (ілімінің) қағидалары (туралы)». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
- «Шариат не ичин руиете иғтибар етмиш» - «Шариғатта не үшін түске орын берген». Қолжазба.
- «Узун гунде де рузе» - «Ұзақ күнде де ораза ұстау жайлы» сияқты еңбектерін көрдік. Қолжазба. Автор жайлы дерек жоқ.
9. Саид бин Мұхаммед ат-Түркістанидің
«Рисалату-л алақа фи масаил хисабииа» – «Есеп мәселеріндегі байланыс». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. Автор жайлы дерек жоқ.
10. Ала ад-дин Түркістанидің
«Манзума фи-л фиқһ» – «Өлең тәсіліндегі фиқһ ілімі». Қолжазба Баязит кітапханасы.
«Назму адади-л кабаир». Қолжазба. Бурдур облыстық кітапханасы.
«Рисала фи-л кабаир уа-с сағир» – «Үлкен және кіші күнәлар жайлы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Қасида фи адади-л кабаир» – «Үлкен күнәлардың саны». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы
«Манзума фи адади-л кабаир». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы
«Расала фи-л кабаир». Қолжазба Сүлеймания кітапханасы
«Манзуме». Қолжазба Сүлеймания кітапханасы
«Манзуме фи баяни адади-л кабаир». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
«Рисала фи абидаил кабаир». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. Бәрі үлкен күнәлардың санын білдіретін бір еңбек сияқты
Автор жайлы дерек жоқ.
11. Абд ар-Рашид Ибраһим бин Умар ат-Түркістани
«Алами-л Ислам ве Жапонияда Интишари Исламийат» - «Ислам әлемі және Жапонияға Исламның таралуы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
Автор жайлы мағлұмат жоқ.
12. Дауд бин Абдул Бақи бин Айбек ат-Түркістанидің
«Жамиғ әл-қақаид» – «Ережелер топтамасы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасында.
«Жамиғ әл-қауағид» атты еңбектері бар. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
Автор жайлы мағлұмат жоқ.
13. Әбу-л Мааъб әл-Хамадан (шейх Алим Түркістанидің) «Рисала фи мағрифату-л Инсан» деп аталатын еңбегінің қолжазбасына ұшыраттым. Автор жайлы мағлұмат жоқ.
14. Дауд бин Абд әл-Бақи Айбек ат-Түркістани.
Джамиғ қақағид. Ережелер жинағы. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
Исфиджаби – Сайрами – Қарнақилер
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласының шығысынан 12 шақырым жердегі ежелгі Исфиджаб – Мадинату-л Байда – Сайрамның еліміздің мәдени-ғылыми, діни өміріндегі орны бөлек. Ол VІІІ ғасырда әуезді бақтары, мішіттері мен медеселері, үлкен төрт қақпасы бар қала-тын. Исфиджаб меніңше сақ тілінде Аққала, Мадинату-л байда да араб тілінде – ақ Шаһарды білдіреді. Ал Сайрам атауына ол кейінірек ие болса керек. Түркия кітапханалары мен түрлі қорларынан Исфиджаби-Байзауи-Сайрами мен Түркістан маңындағы Қарнақ, яғни Қарнақи атты дана мен оның жазба дүниесін де ұшыраттық.
1 . Әбу Насыр Ахмед бин Мансур әл-Исфиджаби (?-1087).
Ол ХІ ғасырда өмір сүрген. Өз аты Ахмед. Әбу Насыр лақабы секілді. Әкесі Мансұр. Ол Ханафит ғалым Ахмед бин Мұхаммед бин Салама ат-Тахауидің «Мұхтасарына» «Шарх Мұхтасар ат-Тахауи» - «ат-Тахауидің (853-933) Мұхтасарына түсіндірме» атты 303 беттен тұратын трактат жазған. Оның қолжазбасы Баязит, Сүлеймания, Мұрат молла кітапханалары мен қорынан табылды. Әбу Насыр негізінен фиқһ саласының өкілі болған.
Әбу Насырдың басқа да:
«Шарх Мұхтасар ат-Тахауидің» тағы бір нұсқасы Баязит кітапханасында да бар. Қолжазба. Көлемі 385 бет.
Ал «Шарх мултақа әл-ибһур» (?) атты еңбегінің көлемі 380 бет. Ол да Баязит кітапханасында.
- Шарх Мұхтасар әл-Қудури. Қолжазба. Мұрат молла қорында. [секілді еңбектері] бар.
Әбу Насыр Ахмед бин Мансур әл-Исфиджаби өз кезінің белгілі данагөйі болса керек! Өйткені ол туралы Йақұт әл-Хамауи[4], Аз-Заһаби[5], Абд әл-Қадыр әл-Құраши[6], Молла Катиб Челеби (Хаджи Халифа) деген атпен танымал әл-Маула Мұстафа бин Абдалла әл-Құстантини ар-Руми әл-
Ханафи[7], Махмуд ибн Сүлейман әл-Кафауи[8], немістің шығыстанушы, ғалымы Карл Брокельман[9], түрік ғалымы профессор Ахмед Өзелдің[10] еңбектерінде де деректер кездеседі.
Әбу Насыр әл-Исфиджаби жайлы сондай-ақ Үндістандық Мұхаммед Абд әл-Хайй әл-Лакнауи әл-һинди де қалам тербеген. Ол Әбу Насыр әл-Исфиджабиді «Мухтасар ат-Тахауиға» шарх жазған ірі ғалымдардың бірі» деумен қатар «өз елінде ол фиқһ саласы бойынша терең білім иесі болған ірі тұлға. Сосын Самарқанға сапар шегіп, сол кездегі ғалым-имамдармен пікір таластырып, онда талабаларға және фиқһшыларға дәріс берген. Ол жерге ас-Сайид Әбу Шужағ келгеннен кейін оның діни саладағы істері бір жүйеге түсіп, халыққа жақсы жағынан танылып, жүректерінде өшпестей іс қалдырады» дейді де әрі қарай «Әбу Насыр әл-Исфиджабидің дүние салған уақыты [Молла Катиб Челебидің – Хаджи Халифаның] «Кашф аз-зунунда» һижраның 480//1087 жылы деп көрсетілген. Оның аты-жөніндегі «әл-Исфиджаб» сөзі түркілер құзырындағы бір қаланың аты. Ол жайлы әл-Мунажжидтен естідім»[11] дейді.
2 . Мұхаммед бин Ахмед бин Йусуф әл-Исфиджаби.
Өз аты Мұхаммед. Әкесі Ахмед, бабасы Йусуф. Баязит кітапханасында
оның «Зад әл-фуқаһа шарх Мұхтасар әл-Қудури» деп аталатын 169 беттік трактатының қолжазбасын көрдім.
Мұхаммед әл-Исфиджаби де фиқһ саласының маманы. Ол ханафит ғалым Әбу-л Хұсейн (Хасан) Ахмед бин Мұхаммед бин Ахмед бин Жағфар әл-Қудуридің (972-1037) «Мұхтасар» атты Ханафи мазһабы бойынша жазған еңбегіне шарх – түсіндірме жазған. Түрік ғалымы Ахмет Өзел Қудуридің аталмыш еңбегіне шарх жазғандар қатарында сөйтіп Мұхаммед бин Ахмед әл-Исфиджабиді де атап кеткен.
Әбу Хұсейн (Хасан) Ахмед бин Мұхаммед бин Ахмед бин Джағфар әл-Қудури (972-1037) өз заманының көрнекті ханафит ғалымы. 972 жылы Бағдадта туылды. Фиқһ бойынша тәлім алды. Өзі де көп шәкірттер тәрбиеледі. 1037 жылы Бағдадта дүние салды: Оның «Мұхтасар» атты еңбегі ханафи мазһабы бойынша бірегей туындылардың бірі саналады[12].
3 . Хұсам ад-дин Умар бин Бұрһан Әбу-л Мафахир әл-Исфиджаби.
Оның шығармасы «Мухтасар фи хилафийат-л мабсут» деп аталады. 310 бет. Ол Сүлеймания кітапханасында тұр. Еңбек фикһ мәселесіне арналған. Автордың өмірі жайлы дерек жоқ.
4. Ала ад-дин Әли бин Мұхаммед бин Умар әл-Ханафи әл-
Исфиджаби.
Оның:
- «Рисала ала бадиғ масаили-л уиқайа» деген трактаты бар. Ол Қазы заде қорында;
- «Шарх әл-Жами әл-кабир» атты қолжазбасы Мұрат Молла қорында. Бірақ өмірі жайлы дерек жоқ.
5. Хадж Махмұд әл-Исфиджаби.
- «Тазкирату-л аулийа таржимасы» - «Әулие өмірбаянының аудармасы». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. Шығарма осман түрік тілінде.
Сайрамилер
6. Низам ад-дин Йахия бин Йусуф [Сайф ад-дин] әл-Мисри әл-Ханафи ас-Сайрами.
Кейбір жазба деректерде оның есім тізбегі Әбу Закария Йахия бин Йусуф ас-Сайрами деп те көрсетілген. Өз есімі Йахия, әкесі Сайф ад-дин. Катологта Йахия араб әдебиетінің өкілі ретінде көрсетілген. Баязит кітапханасы қорында оның «Китаб әл-балага ала талхис әл-мифтах» атты көлемі 410 беттік қолжазбасы сақтаулы. Еңбектің атауына қарағанда ол шешендік өнерге арналған сияқты. Оның тағы бір еңбегі бар: Ол «Хашия ала-л Мутаууал ат-Тафтазани» - «Ат-Тафтазанидің «Мутаууалына» түсіндірме» деп аталады. Көлемі 140 бет. Екінші нұсқасы. 360 бет. Тағы бір-бір нұсқалары Сүлеймания және Көпрулу кітапханаларында тұр.
Ал Тафтазаний кім? Оған да тоқтала кетейік:
Тафтазаний Саад ад-дин Масуд ибн Умар (1322-1390). Орта Азияның қалам ілімінің танымал өкілі. Әл-Иджий және Құтб ад-дин д-Рази секілді ғұламалардан араб тілі бойынша дәріс алған. 30 жылға жуық Мауараннаһр мен Хорасан аймақтарының шаһарларын аралап, медреселерде ислам фалсафасы, қалам, мантық (логика) ілімдері бойынша дәріс берген. Оның ең белгілі еңбегі «Таһзиб әл-мантық уа-л калам» – «Мантық пен қаламдағы түзетулер», Жалал ад-дин Давани және Курдистанидің түсіндірмелері (шархтары) арқылы «Мақасид ат-талибиин» - «Дін негіздерін іздеушілердің мақсаттары» трактаты және өзінің де өзге түсіндірмелері біздің заманымызға жеткен[13].
Тафтазаний Саад ад-диннің ХІV ғасырда өмір сүргенін айттық. Ендеше оның шығармасына шарх жазған Йахия ас-Сайрами одан кейінірек күн кешкен деп шамалауға болады. Қолжазбаның бір беттерінен 1591 ж. деген мерзімді байқап қалдым.
7. Абд әл-Уахид бин Мухаммед ас-Сайрамиді Мұхаммед Абд әл-Хайй
Әл-Лакнауи әл-һинди «араб емес» халықтардың (аджамдардың) бірінен шыққан аса білімді ірі ғалымдардың бірі. Ол алғашында өз елінде ғылым, білім бойынша жоғары дәрежеге қол жеткізе білді. Сосын «Ар-Рум» (Түркия) еліне барып, сол жақтағы ғалымдармен кездесті. Білімі ғалымдар білімімен тең түсіп, олардың алдында құрметке ие болды. Тіпті жергілікті ғалымдар сол кездегі ел басқарған сұлтан алдында Абд әл-Уахид бин Мухаммад ас-Сайрами білімінің жоғары екендігіне күәлік берді. Сұлтан оған Кутаһия елді-мекеніндегі «Әл-Уахидия» атты медресені тапсырды. Онда ол фиқһ саласы бойынша жазылған «ан-Ниһая» - «Соңы» (Хұсам ад-дин ас-Сығниақидікі болуы мүмкін – Ә.Д.) атты еңбекке түсіндірме жазады. Оны ол һижраның 806 жылы жазып бітірген.
Бұл жеңіл тілмен жазылған құнды еңбек. Онда өте маңызды мәселелер көтеріліп, шешімі қиын сұақтарға нақты дәлелдер келтіріле отырылып жауап берілген. Сондай-ақ, ол түрік оқымыстысы Мұхаммед шаһ бин Шамсуддин Мұхаммед әл-Фанариге (1350-1431) арнап «Әл-Астурла» саласы бойынша өлең шумақтарымен өрнектелген кітап жазған,[14] – дейді.
Шығыстанушы, арабист, белгілі тарихшы ғалым, профессор Әшірбек Момыновтың зерттеулерінде Исфиджаб-Сайрамнан шыққан өзге де Абд әл-Мауджуд бин Насыр әл-адиб әл-Исфиджаби, Абд әл-Джалил ибн Мауджуд әл-Исфиджаби, Абд әл-Халид ибн Абд әл Мауджуд әл-Исфиджаби, Әли ибн Мұхаммед ибн фақиһ әл-Исфиджаби, Құтб ад-дин әл-Исфиджаби, Әли ибн Мұхаммед ибн Исмайыл әл-Исфиджаби[15], Ахмед ибн Мұхаммед әл-Исфиджаби, Ғалиб ибн Хатим әл-Исфиджаби, Джамал ад-дин әл-Исфиджаби, Мұхаммед ибн Ахмед әл-Исфиджаби, әл-Хасан ибн Мансур әл-Исфиджаби, Хунайм (Хулайм ибн Уаддах) әл-Исфиджаби, Аш-шейх әл-Имам Әбу-л Хасан Әли бин Мұхаммед бин Исмайыл бин Әли бин Ахмед бин Мұхаммед бин Исхақ ас-Самарқанди әл-мағруф би-л Исфиджаби, Сайрамнан шыққан Абд ар-Рахман ибн Йахия ас-Сайрами, Әли ибн Ахмед ас-Сайрами, Ахмед ибн Мұхаммед ас-Сайрами, Маулана-заде ас-Сайрами, Низам [Сайрами] және Сайф ад-дин ас-Сайрами[16] секілді парасат иелері аталады. Бұлар сөйтіп қазақ жерінің Исфиджаб-Сайрамынан ғалымдар легінің үзілмегенін аңғартады.
Түркияның қолжазба қорларының бірінен (Амасия аймағы) Қарнақ
ойшылының да қолжазбасын көрдім.
Қарнақ «орта ғасырдан белгілі қаланың орны. Түркістан қаласының солтүстік батысында 25 шақырым жерде, қазіргі Атабай кентінің оңтүстік шетінде төрт бұрыштанып келген, топырақ дуалмен қоршалған. Археологтар Г.И. Пацевич, Е. И. Агеева, Қарнақты Шагилджан, Ишкент деп аталады деп жорамалдайды. А.Н. Бернштам жүргізген археологиялық зерттеулер Қарнақтың Темір әулеті тұсында (ХІІІ – XV ғ.) салынғандығын анықтаған. Қарнақ қазақ хандықтары дәуірінде (XV – XVIII ғ.) маңызды роль атқарған қалалардың бірі болған...
Қарнақта медресе де болған. Онда ертеде көптеген қазақ зиялылары оқыған. Солардың ішінде ақындар Шортанбай Қанаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Молда Мұса (Мұсабек) Байзақұлы»[17] т.б. аталады.
8. Абд ас-Салам Қарнақи шамамен ХІХ ғасырда өмір сүрген сияқты. Өйткені қолжазбасының бір жерінде 1800 деген мерзім көрсетілген. Оның Қаранақтан Түркияға қалай, қашан барғаны, яғни өмірі жайлы деректер жоқ. Ол араб тілінде «Хашия шархи дибаджати Шамсия» атты еңбек қалдырыпты. Мазмұнына қарағанда ол логика (мантық) мәселесіне арналған.
***
Исфиджаб-Мадинату-л Байда (Байза) – Сайрам сөз болған соң, осы шаһардың тарихы мен жоғарыда аталған перзенттерінен басқалар туралы деректерге де зер сала кетейік.
Шағатай тілінде жазылған, Сайрам шаһарының тарихын сөз етуге арналған шартты түрде «Мадинат әл-Байда және Исфиджаб» туралы ХVII-XVIII ғасырларда жазылған «Сайрам жайлы трактат» атты шығыстанушы, иранист, белгілі тарихшы, профессор Жұлдыз Мұсақызы Төлебаева дайындап, түсініктері мен ескертулерін жазып, жариялаған трактат бар. Трактаттың бірінші «тарауында» қаланың тарихы көне заманнан бастап сипатталса, екіншісінде онда дүниеден өткен әулиелер, үшіншісінде Сайрамның тарихы өлеңмен жырланған. Онда төмендегідей Исфиджаби-Байзауи-Сайрамилер аталған.
Маулана Имад ад-дин Исфиджаби
Қожа Абд ас-Самад Сайрами (Көк Түңлік ата)
Маулана Абд аш-Шаһид Исфиджаби, фақиһ
Маулана Раис ад-дин Исфиджаби
Хазрат Шаһ Абд әл-Бақи (Таби Ата-и Сайрами)
Хазрет Шайх Камал ад-дин Байзауи*
Хазрет Саййд Бадр ад-дин Исфиджаби (ХV ғ.)
Маулана Садр/Насыр ад-дин Байзауи
Хазрат Қожа Хұсейн Сайрами [(?–1258 жылдары) өмір сүрген Зеңгі Атаның шәкірті)]
Тадж ад-дин Исфиджаби (Сайрамның төрт жүз мүфтилеріің бірі)
Шейх Исхақ Уали Сайрами [Хазрат шейх ад-дин Шаши хулафаларының (орынбасарларының) бірі]
Хазрат шейх Шиһаб ад-дин Исфиджаби (Қожа Ахмед Йасауидің ұстазы)
Мұхаммед Салихтың «Тарих-и джадида-ий Ташкент» - «Ташкенттің жаңа тарихы» атты еңбегінде де бұлардан өзге Исфиджаб-Мадинату-л Байда Сайрамнан шыққан даналар аталады. Олар:
Хазрат Маулана Лутфулла Сайрами (Баба-ий Машварату-л хазрат-қазы Байзауидің шәкірті).
Хазрат қазы Байзауи (тафсір, фиқһ, усул және тариқат бойынша 37 еңбектің авторы).
Қожа Абдалла Сайрами
Қазы Байзауи (шын аты Қазы Қожа)
Маулана Хаким Исфиджаби
Хазрат алама Кұтб ад-дин Байзауи
Маулана Хұсам Исам [тексте Изам деп көрсетілген] ад-дин Байзауи
Қожа Хамид ата Байзауи (Хазрет Исмаил ата)
Хазра Қожа Абд әл-Қаһһар Сарйами (Сайрами)[18]
Бұлар да зерттеуді керек етеді.
Сығанақ ұландары
Сығнақ Сыр бойында болған шаһар. Кезінде үлкен діни, рухани ғылыми орталық қызметін атқарған. Қалада мешіттер мен медреселер, керуен сарайлар көп болатын. Шаһарды шапқыншылар қиратқан. Сығанақтан да көптеген ғалымдар шыққан. Біз олардың әлі әзір бірнешеуін ғана білеміз. Солардың бірегейі –
1. Хұсам ад-дин Хұсейн бин Әли бин Хажжаж әл-Ханафи ас-Сығнақи (?-1311//1317).
Ол Хафиз ад-дин әл-Кабир Мұхаммед бин Наср әл-Бұхариден және Фахруддин Мұхаммед бин Мұхаммед бин әл-Йлйас әл-Маймарғиден фиқһ ғылымы бойынша дәріс алған. Жас кезінен-ақ оған пәтуа шығаруға құқық берілген. Ол һижраның 700 жылының рабиғ әл-аууал айында «ан-Ниһая» - «Соңы» және Әбу әл-Маъин бин Мұхаммед ан-Насафи әл-Макхулидің (?-1037) «Шарх ат-тамһид фи қауағид ат-таухид» – «Таухид қағидаларына кіріспе» атты еңбекке түсіндірме және «әл-Кафи шарх усул әл-Баздауи» – «әл-Баздауидің» «Усул әл-Баздауиіне «Кафи» - «(Жеткілікті) түсіндірме» атты еңбектерге түсіндірме жазған.
Сығнақ перзенті диалектика әрі грамматиканы өте жақсы меңгерген. Грамматика бойынша (Абд әл-Халық) әл-Ғиждуани (1103-1179) және тағы басқа ұстаздар еңбектерін көп оқиды. Бағдадқа барып Имам Әбу Ханифа мәшһадынан дәріс алады.
Ал, Әл-Хасан бин Әли бин ас-Сығнақиден (?-1311//1317) «Шарх әл-һидая» – «Һидаяның түсіндірмесі» болып табылатын «Мағариж ад-дираяның» авторы Қауам ад-дин Мұхаммед ибн Мұхаммед бин Ахмед әл-Кааки (?-1384) және «әл-Кифаяның» авторы Жалал ад-дин әл-Курлани дәріс алған.
Орта ғасырлық Осман тарихшысы Хаджи Халифа (1608-1657) «Кашф аз-зунунда» оның атын қысқаша Хұсайн бин Әли деп көрсеткен және оны һижраның 710 жылы қайтыс болды һәм «әл-һидая» авторының шәкірті деп жазады.
Ал ас-Суйути (1455-1505) «Бағият әл-уағатта» оны Хұсайн деп жазады. Ол диалектиканы, грамматиканы жақсы меңгерген ғалым-ды. Ол Абду-л Жалил ибн Абд әл-Каримнен де дәріс алған. Ол «әл-һидаяның» түсіндірмесін жасаған бірінші адам және «шарх әл-Мұфассал»-«Мұфассалға түсіндірмені» жазған. Әл-Хасан ас-Сығнақи осы кітаптің алғашқы беттерінде оны Хафиз ад-дин әл-Бұхариден һижраның 676//1378 жылы оқығанын айтқан.
«Мадинат әл-улумнің» – «Ғалымдар қаласының» авторы «һидаяға шарх жазғандардың бірі Хұсам ад-дин әл-Хұсайн бин Әли бин Жажжаж бин Әли ас-Сығнақидың (?-1311//1317) «ан-Ниһая» атты еңбегі бар. Ол Халаб қаласына келіп «әл-Кафи шарх әл-Бәздәуиді» жазған. Һижраның 710 жылы Дамаскіде «Шарх мунтахаб әл-Ахсикасиді» және «Шарх ат-тамһид фи усул ад-дин» – «Дін негіздеріне кіріспе атты еңбекке түсіндірме» жазған. Ол һижраның 711 немесе 714 жылы ражаб айынында Халаб қаласында дүние салды. Оның сарфқа (грамматикаға) қатысты «ан-Нажах» – «Жетістік» атты да кітабы бар» деп жазады.
Үнді ғалымы Лакнауи әл-һинди әрі қарай «Мен оның еңбектерін толық оқып шықтым. Ол «әл-һидаяны» қарапайым, жатық тілмен жақсы түсіндіре білген. Әрі бұл еңбекте көптеген маңызды мәселелер қамтылған», - деп жазады.
Түркия кітапханаларында Сығнақ перзентінің төмендегідей еңбектерін көрдім.
1. «Ниһая» – «Соңы». Қолжазба. Баязит кітапханасы
2. «Ан-Ниһая фи шархи-л Һидая» – «әл-Һидая» түсіндірмесінің соңы». Қолжазба. Баязит кітапханасы. 1-7 том
3. «Әл-Кафи фи шарх «Усули-л Фахри-л Ислам» – «Ислам мақтанышы (Баздауидің) «Усуліне» түсіндірме». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
4. «Әл-Кафи шарх «усулу» Баздауи» – «Баздауидің «Усуліне» түсіндірме». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
5. «Уафи» фи шархи-л «Мұхтасар» – «Мұхтасарға жеткілікті түсіндірме». Қолжазба. Сүлеймания, Көпрүлү, Баязит кітапханалары.
6. Жауамиғұ-л-Ниая шарх-л «Һидая (үзінді)» – «Һидая» түсіндірмесінің соңы». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
7. «Мұассал фи шархи «Мұфассал» – (Әбу-л Қасым Замахшаридің) «Мұфассаліне» түсіндірме». Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
8. Ат-Тасдид фи шарх-т «Тамһид ли қауағиди-т таухид» – «Таухид қағидаларының кіріспесі атты еңбекке «дұрыстау», «нысаналау» атты түсіндірме». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
9. Ат-Тасдид фи шархи-т тамһид ли имам ас-Сығнақи. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
10. Ат-Тастид фи шархи-т тамһид. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
11. Әл-Инайа фи шарх әл «Уиқайа» – «Қорған» атты еңбекке «Қамқорлық» атты түсіндірме». Қолжазба. Стамбұл университеті кітапханасы.
12. «Ан-Нажат фи-т тасриф» - «Марфологиялық жіктеулердегі жетістік». Қолжазба. Стамбұл университеті кітапханасы.
13. «Ан-Нажаһ фи-с сарф» - «Морфологиядағы жетістік». Қолжазба. Баязид кітапханасы.
14. «Жамиғу-л «Ниһая» фи шарх «әл-һидайа». Қолжазба. Маниса кітапханасы.
Хұсам ад-диннің бірқатар шығармалары Орта Азиялық Бұрһан ад-дин әл-Марғинанидің атақты «әл-Һидая» атты мұсылман заңын сөз ететін еңбегінде жазылған түсіндірмелерден тұратынын байқадық. Сондай-ақ оның «Шарх усулу-л Баздауи» - «Баздауидің Усуліне» жасалған түсіндірме, «Ат-Тасдид фи шархи-т тамһид ли қауағиди-т таухид» - «Таухид қағидаларының кіріспесі атты кітапқа «дұрыстау» еңбектерінің қолжазбалары Баязит кітапханасында тұр. Соның ішінде «Һидая» нұсқаларының көптігі назар аударады.
«Ан-Нажах фи-с сарф» - «Грамматикадағы жетістік» атты шығармасының қолжазбасы Баязит кітапханасында сақтаулы. Ал «Әл-Инаийа фи шархи-л уиқайа»- «Қорған» атты еңбекке «Қамқорлық» атты түсіндірме». «Ан-Нажах фи-т тасриф» «Морфологиялық жіктеудегі жетістік» атты трактаттары қолжазбаларының бір-бірі Сүлеймания және Стамбұл университеті Орталық кітапханасында, «Әл-Уафи фи шархи-л Мухтасар» - «Мұхтасарға жеткілікті түсіндірме», «Әл-Мұнтахаб фи усули-л мазһаб» - «Таңдаулы мазһаб негіздері» Копрулу кітапханасында, «Әл-Кафи лима касира анһул уафи», «Әл-Уафи фи шархи-л мунтахаб фи усули-л мазһаб» - «Таңдаулы мәзһаб негіздеріне жеткілікті түсіндірме», «Мүассал фи шархи-л Мүфассал» атты дүниелері Сулеймания, «Әл-Жамиул Ниһая фи шархи-л һидая» - «Һидаяның ақырғы түсіндірмесінің жинағы» Маниса халық кітапханасында сақтаулы. Автордың аталмыш еңбектерінің аттарына қарап-ақ оның тек түсіндірмеші ғана емес, сондай-ақ араб тілі грамматикасы мен мұсылман заңына қатысты да шығармалар жазған ғалым екенін көреміз.
2012 жылдың күзінде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Хұсам ад-дин Сығнақидың туған жерінде атақты ғалымның 880 жылдығы тойы үлкен салтанатпен тойланды. Оған Орта Азия мен Қазақстанның бірқатар ғалымдары қатысты. Қазақстандықтардың арасында академик, профессор, еліміздің көрнекті заңгер ғалымы Хұсам ад-дин бабаның ұрпағы Сұлтан Сақтаев осы жолдардың авторы, профессор Шамшидин Керім және басқалар болды. Жаңақорғанда ғұламаның өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Баяндамалар жасалды.
Сұлтан Сақтаев Жаңақорғанда Хұсам ад-дин Сығнақи бабаға ескерткіш орнатты. Мешіт салдырып, оған Хұсам ад-дин ғұламаның аты берілді. Шәмшидин Керім Сығнақ перзентінің өмірі мен шығармашылығына монография арнады. Оның сол жерде тұсаукесері өтті.
Қонақтар сонан соң Жаңақорған ауданындағы Сығнақ шаһарының орнында болып, Хұсам ад-динге арналған асқа қатысты. Еліміздің ғана емес, мұсылман жұртының мақтанышына айналған данышпан баба рухына арналып, қасиетті Құран оқылды.
2. Камал ад-дин Әбу Мұхаммед Абдолла ибн Әбу-л Қасым ибн Абд ас-Самиғ ас-Сығнақи де Мауараннаһрлік (қазақ жерінің) белгілі мұсылман заңгері (фақиһ), өте ақылды зерек әрі хафиз болған дара да дана тұлға еді. Қолымызда өзге дерек жоқ.
Женд даналары
Женд те орта ғасырларда Сырдарияның орта ағысы бойында болған қала. Ол Жібек жолы бойында жатқандықтан да үлкен рөл атқарған. Шаһарды монғол шапқыншылары қиратқан. Женттің де көптеген зәулім мешіттер мен медреселер, керуен сарайлары болған. Қаладан бірқатар ойшылдар шыққан. Қираған құм басқан шаһар сияқты, оның ғалымдарының еңбектері де дүниежүзіне шашырап кеткен.
1. Мухий ад-Дин Женди
«Вуслат йолу». – «Жаратқанға қауышу жолы», «Нафхату-р Рух тухфату-л Футух». Қолжазба. (Vuslat Volu. Nefhatu-r Ruh ve Tuhfetu-l Futuh. Mueyyedin el-Cendi. Turkcesi Hayreddin Yilmaz. Insan yayinlari. Istanbul, Ocak 1996, 181-бет).
2. Махмуд бин Усман әл-Женди
«Мақалат ала-л мисбах» – «Шамшырақ кітабына қатысты мақалалар» Қолжазба. Афийон Гедик, Ахмет Паша кітапханалары. Автор жайлы дерек жоқ.
3. Ахмед бин Умар бин Усман Шараф ад-Дин әл-Женди
«Шарху-н наждийат». Қолжазба. Баязит кітапханасы.
Авторы туралы дерек жоқ.
4. Таж ад-дин Ахмет бин Махмуд бин Умар әл-Женди
«Иқлид Шархи-л муфассал» - Кілт. «Мұфассалдың түсіндірмесі» Қолжазба. Бұл Хорезмдік атақты ғалым Әбу-л Қасым аз-Замахшаридің (1075-1144) белгілі дүниесіне арналған түсіндірме сияқты.
Миллет кітапханасы, Файзуллаһ Ефенди қоры.
Автор жайлы дерек жоқ.
5. Баяний Синоби әл-Женди
«Китабу шаху Дервиш» – «Дәруиш түсіндірмесі». Қолжазба. Измир ұлттық кітапханасы.
Автор жайлы дерек жоқ.
Баласағұн перзенті
Шу бойындағы үлкен қала Баласағұн да даламыздың рухани мәдени өмірінде белгілі рөл атқарған. Мұнда да сандаған мешіттер мен медреселер, керуен сарайлар болған. Орта ғасырлық тамаша тарихшы, үлкен мемлекет қайраткері, ақын Мырза Мухаммед Хайдар Дулати (1499-1551) Баласағұннан шыққан ғалымдардың Самарқан ғұламаларынан да көп болғанын айтып, таң қала жазған. Әйтсе де қаланың жермен-жексен боп қиратылғаны сияқты, одан шыққан ғалымдарының Жүсіп Баласағұниден басқасы туралы деректер табылмай келеді.
Баласағұн перзенттерінің бірегейі –
1. Жүсіп Баласағуни (1021-1075). Оның Түркияда атақты «Құтадғу білік» – «Құтты білік» атты шығармасы бар. Ол «Құтадғу білік» тәржімасы деп аталады.
«Құтадғу білік» (мәтіні). Қолжазба.
«Құтадғу білік» (мағынасы). Қолжазба.
Сөйтіп «Құтадғу білік» түрік тіліне де тәржімаланған. Қолжазба қорында шығарманың аудармасына қоса мәтіні мағынасына қоса беріліпті.
Сөйтіп Түркияның түрлі кітапханалары мен қолжазба қорларынан шамамен 15 мың беттен тұратын бабалар мұрасын алып қайттым.
* * *
Түркия мен Египет және басқа да елдердегі қолжазбалар қорынан байқағанымыздай қазақ жерінен шыққан парасат иелері ислам білімдеріне, оның ішінде әсіресе ханафи мазһабының дамып-жетілуіне үлкен үлес қосқан. Олардың еңбектері күллі ислам әлемінде мойындалып, ислам өркениетінің қайнар көздеріне айналған.
Сондықтан да олардың арасында «аш-Шамс әл-аимма» - «имамдар шамшырағы», «әл-маула әл-фадил» - «тамаш ұстаз», «әл-фадил әл-камил»-«кемел кемеңгер», «әл-алим әл-фақиһ» - «фақиһ (заңгер) ғалым», «әл-фақиһ уа-л фадил ан-набиһ» - «даңқты тамаша фақиһ», «султан әл-фуқаһа уа-л аулиа» - «фақиһтер мен әулиелер сұлтаны» іспетті өте жоғары да құрметті лауазымдар мен эпитет, теңеу иелері болуының өзі көп жайдан хабардар етіп тұр.
Орта Азиядан шыққан ғалымдардың қай жерде болмасын үнемі бір-бірін қолдап, көтермелеп жүргенін, өз араларында мықты ынтымақ болғанын көреміз. Бұл бүгінгі күн ғалымдары үшін де үлкен үлгі өнеге. Керек кезде басқа ғалымдардың Орта Азиялық ойшылдардың туындыларына жазған қарсы уәждеріне кейінгі ұрпақ ғалымдары оларды қорғап, тұщымды жауап та қайтарып отырған. Сөйтіп олардың бір-бірінің ғылыми туындыларына өзара кең түсініктеме жазу үрдісі қалыптасқанын, өздерінен бұрын өткен даналардың еңбектерін арнайы шежіре тәсілі бойынша бір-біріне мұра етіп отырғанын байқаймыз.
Олар жазған туындылар біздің құнды тарихымыз, мәдени мұрамыз. Оны бүгінгі өскелең ұрпақ білуі тиіс. Олай болса, қазіргі ғылым адамдары бабалардан қалған осынау жазба жәдігерліктерді кеңінен зерттеп, халыққа жеткізуі ләзім. Менің де бұл көне дүниелерді көз майымды таусып зерттеп жүргендегі мақсатым осы. Ендеше, мемлекеттік мәдени-мұра бағдарламасы аясында бабалар қалдырған құнды мұраны тауып, аудартып, зерделеу, оларды басып шығару, оқулықтарға енгізе беру кезек күттірмейтін маңызды шара.
Өйткені Әбу Ханифа мазһабын қағазға түсірген, «Кіші жинақ», «Үлкен жинақ» атты классикалық қайнар кітаптардың авторы, имам Ағзамның негізгі мұрагер шәкірті Мұхаммед аш-Шайбанидің заң шығару тәсілін қазір Еуропа жұрты кеңінен қолдануда. Оған дәлел Германия мен Францияда да ашылған «Шайбани зерттеу орталықтары». Олай болса, біздің елімізде де «Орта Азиялық (Қазақстандық) ғалымдарды зерттеу» орталығының негізін қалау қажет.
* «Ниһаяның» авторы –Сығнақ перзенті Хұсам ад-дин Хұсейн (Хасан) бин Әли бин Хажжаж ас-Сығнақи (?–1311/1317).
* «һидаяның» авторы – Орта Азиялық көрнекті ғалым Әбу-л Хасан Бұрһан ад-дин Әли бин Әбу Бакр бин Абд әл-Жалил әл-Фарғани әл-Марғинани ар-Риштани (?–1197).
[1] Қалиева Ш.С. Творчество Исмаила ал-Джаухари и его место в арабской филологии. Алматы, 2006, 140 бет.
[2] Қауам ад-диннің өмірі мен шығамашылығы туралы: Әбсаттар қажы Дербісәлі. Қауам ад-дин әл-Итқани (Иқани) әл-Фараби ат-Түркістани (1286-1357). Өмірі мен мұрасы. Алматы 2013, 243 бет.
[3] «Ат-Табийн» Кувейтте 2 том боп шықты [Қауам ад-дин Әмір Катиб бин Умар бин Әмір Ғази әл-Фараби әл-Итқани әл-Ханафи]. Ат-Табиин. Тахқиқ уа дирасат доктор Сабр Наср Мұстафа Усман. Усман. Кувейт 1999, 2 том; 1-том 730 бет; 2-том 640 бет.
[4] Йақұт әл-Хамауи ар-Руми. Мұъджам әл-бұлдан. Бейрут. 1995.
[5] Аз-Заһаби. (Имам Шамс ад-дин Мұхаммед бин Ахмед бин Усман аз-Заһаби). Сйар ағлам ан-нубала. Каир 2003, 15 том; V-том 485-488-беттер.
[6] Мұхий ад-дин Әбу Мұхаммед Абд әл-Қадыр әл-Құраши. Әл-Жауаһир әл-мудийа фи табақат әл-Ханафийа. Ар-Рияд 1988, 5 том; 1-том, 335-бет.
[7] Молла Катиб әл-Челеби. Кашф аз-зунун ан асами әл-кутуб уа-л фунун. Бейрут 1992, 2-том, 1378-бет.
[8]Махмуд Сүлеймен әл-Кафауи. Катаиб ағлам әл-ахйар мин фуқаһа мазһаб ан-Нұғман әл-Мұхтасар. Түркия. Сүлеймания кітапханасының қолжазба қоры.
[9] Brockelmann C. Geschichte der arabischen Litteratur. Erster Supplementband Leiden 1937, 1-том. 294 – бет.
[10] Ahmet Özel. Hanefi fikih alimleri. Ankara 2006, 38-бет.
[11] Абд әл-Хаий Лакнауи әл-һинди. Фауаид әл-баһийа фи тараджим әл-Ханафиа. Бейрут 1998, 75 бет.
[12] Ahmet Özel. Hanefi fikih alimleri. Ankara 2006, 33-бет.
[13] Ислам. Энциклопедия Т., 2004, 230-бет.
[14] Абд әл-Хайй әл-Лакнауи әл-һинди. Фауаид әл-баһийа фи тараджим әл-ханафия. Бейрут. 1998, 191-бет.
[15] Ол туралы: Абд әл-Қадыр әл-Құрашидің «Джауаһир әл-мудийа фи ьтабақат әл-ханафия». Рияд 1993, 5 том, 2-том, 591-592-беттер; Ибн Құтлұбұғаның (Әбу-л Фида Зайн ад-дин Қасым бин Құтлұбұға ас-Судуни) «Тадж ат-Тараджим», Бейрут 1992, 44-бет; Ахмед Ташкупри Заденің «Мифтах ас-сағада уа мисбах ас-сиада фи маудуғат әл-улум», Бейрут 2002, 3 том; ІІ-том, 282-бет; Молла Катиб Челебидің «Кашф аз-зунун асами әл-кутуб уа-л фунун», Бейрут 1992, ІІ-том, 1627-бет; «Абд әл-Хайи Лакнауи әл-һиндидің» «Фауаид әл-баһийа фи тараджим әл-Ханафийа». Бейрут 1998, 124-бет; Зириклидің «әл-Ағлам. Қамус тараджим ли-л риджал уа-н ниса мина-л араб уа-л мустағрибиин уа-л мусташриқиин», Бейрут 2005, 8 том; 5-том 149-бет; Әшірбек Момыновтың «История Казахстана в арабских источниках» атты еңбектерінен мәліметтер табуға болады.
[16] История Казахстана в арабских источниках ІІІ том. Извлечения из сочинении. Х-ХVI вв. Алматы, 2006. – 18, 20, 26, 29, 30, 37, 39, 41, 50, 67, 69, 82, 89, 117, 121, 125, 126, 128, 130, 131, 132, 137, 139, 145, 146, 147, 154, 155, 165, 179, 180-беттер.
[17] Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы 1975, 6-том, 522-бет.
* Араб тілінде Байда, Байдауи. Парсы тілінде Байза, Байзауи.
[18] Трактат о Сайраме. Перевод с чагатайского. Предисловие и примечания Ж.М.Тулебаевой. Астана 2007.